Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

Елорда төрінде «Білім-инновация» лицейлерінің арасында көңілді тапқырлар лигасының финалдық ойыны өтті

«Рухани жаңғыру» аясында өткен көңілді тапқырлар лигасына аймақтардан үздік шыққан 7 мектептің командалары қатысты. Республикалық сынға Семей, Алматы, Қызылорда, Жезқазған, Кентау, Орал және Есік қалаларындағы «Білім-инновация» лицей-интернатының өрендері қатысып, бақ сынады.

Көңілді тапқырлар лигасының негізгі мақсаты – бәсекелестік арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен сыни ойлау дағдыларын дамыту және дүниетаным, сыни, креативті көзқарастары мен рухани құндылықтарын өрістетін дағдыларды жетілдіру.

8-11-сынып оқушылары қатысқан финалдық кезеңнің тақырыбы «XXII ғасыр жастары» деп аталды. Халықаралық олимпиадада білім жағынан топ жарып жүрген лицей оқушылары әзіл-ысқақ кешіне жоғары дайындықпен келіп, өнерден де құр алақан емес екендіктерін дәлелдеді. Жас өрендердің сайысын тамашалауға арнайы «Қазақстан КВН Одағы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің Президенті Есен Елеукен шақырылған болатын.

Республикалық сайыстың қорытындысы бойынша, Семей қаласының өрендері Sbil Gates командасы топ жарып, ауыспалы кубок пен қаржылай сыйлыққа ие болды. Екінші орын Жезқазғанның «Нағыз қазақтарына» бұйырса, үшінші орынға ару қыздардан құралған Алматының «Алқыз» құрама командасы лайық деп танылды.

Бақнұр Ермеков, Sbil Gates КТЛ командасының ойыншысы:

– Семейдің атынан лицейіміздің атынан бақ сынастық. Керемет өнер көрсетіп, адамдардың жүректеріне жылу сыйладық деп ойлаймыз. Қобалжу болды. Бірақ көп еңбектің арқасында осындай керемет жетістікке жеттік. Барлық командаларға көп рақмет.

Ілияс Дастан, «Білім-инновация» қорының тәрбие және ұйымдастыру бөлімінің бас маманы:

– Халықаралық аренада оқушылардың тек білімі емес, сонымен қатар осындай әлеуметтік іс-шараларға белсенді қатысқаны, спорттық іс-шараларға белсенді қатысқаны оқуға түсу барысында жоғары бағаланып жатады. Біздің де мақсатымыз балалар тек қана олимпиада медальдарын емес, осындай қабілетін өнерлерін де дамысын екен дейміз.

Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, аталмыш кеште жиналған қаражат «Білім-инновация» лицейінің түлегі, Назарбаев университетінің студенті Азизат Гильмееваның еміне жіберіледі екен. Сондай-ақ кеш барысында ауыр дертті жеңіп шыққан  Астана «Білім-инновация» лицейінің, Сүлейман Демирел университетінің түлегі Диас Осман өзінің алғысын білдіріп, емінен артылған қаражатты Азизаттың анасына табыс етті.

Просмотров страницы: 46

Серіктестер