Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

Елбасы: «Түрік мұғалімдер – кінәсіз, Түркияға ұстап бермейміз»

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ақорда» сарайында өткізілген баспасөз мәслихатында білім-инновация лицейлерінде (БИЛ, бұрынғы қазақ-түрік лицейлері) қызмет ететін Түрік мұғалімдерінің кінәсіз екенін мәлімдеп, Түркияға ұстап берілмейтіндігін айтты.

Жергілікті және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өткен жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев күн тәртібіндегі басты сұрақтарға жауап берді. Бір жарым сағатқа созылған баспасөз мәслихатында қазақ-түрік лицейлерінде (қазіргі атауымен Білім-инновация лицейлері) қызмет ететін Түркиялық мұғалімдердің болашағы жайындағы сауалға берген жауабында Елбасы ол азаматтардан жиі-жиі хат алып тұратынын мәлімдеді.

Түркия үкіметінің мемлекеттік төңкерілісте Гүлен жамағатын кінәлі деп тауып, мыңдаған азаматты жауапқа тартқанын, түрмеге отырғызғанын баса айтқан Нұрсұлтан Әбішұлы Түркия Президенті Ердоғанның таяуда өткен кездесулердер бірнеше мәрте Қазақстанда жұмыс істеп тұрған бұл мектептер төңірегінде сөз қозғағанын айтты.

Ердоғанға: «Егер де бізде істеп жүрген адамдардың қылмысы болатын болса, дерек алып кел маған. Бізде олар қылмыскер емес, ешқандай оларға жаманшылық жасай алмаймын», – деп жауап бергенін айтқан Елбасы алған хаттарында түрік мұғалімдердің Түркияға барған жағдайда жазықсыз қамалатынын жеткізіп, елдеріне қайтармауын сұрағанына назар аударды.

-“Мектептерге Түркияның да, Гүленнің де қатынасы жоқ”

Елбасы қалыптасқан мәселеден шығу үшін қазақ-түрік лицейлерінің барлығын Білім және ғылым министрлігіне берілгенін, арнайы қор құрып, мектептерді сонда топтастырғанын еске салып, «Сондықтан Түркияның да, Гүленнің де ешқандай қатынасы жоқ», – деп кесіп айтты.

Ердоғанның жақында келгенде де түрік мұғалімдердің жағдайы туралы сөз қозғағанын алға тартқан Нұрсұлтан Әбішұлы мұғалімдердің бір бөлігінің шет мемлекеттерге кеткендігін айтты. Елбасы: «Мында қалғандардың ешқандай қылмысы жоқ. Егер де қылмысы бар екенін дәлелдесеңдер, онда бірге отырып құқық қорғау органдары қарасын. Қылмысы жоқ адамдарды отырғызып немесе сендерге байлап бере алмаймыз деп келістік. Бұл мәселені жаптық деп санаймын”, – деп тақырып төңірегіндегі мән-жайды баяндап берді.

 

Просмотров страницы: 18

Серіктестер