Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

Ел білім басшылары Еуропада

Мамыр айының 6-12 аралығы ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен бірнеше облыстық, аудандық білім басқармалары мен бөлімдерінің басшылары, орынбасарлары, колледж директорлары мен əдістемелік орталықтың басшылары Венгрия, Германия елдеріне кəсіби біліктілікті арттыру ASEC бағдарламасы(Academic Scientific Educational Program) бойынша семинарға аттанды. Семинардың мақсаты Еуропаның балабақшадан бастап жоғарғы оқу орындарына дейінгі білім беру жүйесімен танысу. Бірінші бағыт Будапешт қаласындағы Zigmond Kiraly университетіне бұрылды. Мұнда экономика факультетінің деканы Ph.D Lengyel Piroshka дəріс оқыды. Мамандар университет тыныс-тіршілігімен танысып, оқу жүйесі бойынша тəжірибе алмасты. Білім ордасының деканы университеттің қандай жүйемен оқытатындығын, тарихымен толықтай таныстырып өтті. Мамандар тарапынан қойылған сұрақтарға мардымды жауап та алынды. Кездесу соңында топты бастап келген Білім жəне ғылым министрлігі Мектепке дейінгі жəне орта білім департаментінің директоры Шолпан Каринова жоғарғы оқу орны басшылығының болашақтағы жұмысына сəттілік тіледі. Университет басшылығы қай кезде де тəжірибе алмасуға даяр екендігін айтты. Айта кететін бір жайт еліміздің студенттері бұл оқу орнында Erasmus+ атты бағдарламамен 1 семестр оқи алады. Сондай ақ Венгрия еліне жыл сайын Қазақстаннан 200-ден аса мектеп бітірушілер жоғарғы оқу орнына түседі.
Аталмыш университеттің Коммуникация бөлімінің басшысы Золтан Сзицекті əңгімеге тарттық.
Золтан Сзицек: бұл оқу орны 2000 жылы ашылған. 18 жылдық тарихы бар. Бүгінде университетімізде 6 факультет қызмет етеді. Оқу орны көбіне экономикалық жəне технологиялық білім беруге бағытталған. Мен медиа жəне коммуникация департаментінің басшысымын. Бізде бакалавр жəне магистратура бөлімдері қамтылған. Жалпы алғанда 1200 ден аса студент оқиды. 45 ке жуық оқытушылар мен профессорлар бар.
.
Семинардың бірінші күні аяқталарда делегация мүшелері Венгрия астанасы Будапешттің Батырлар алаңы, қаланың ең биік нүктесі Цитадель атты тарихи орындарымен танысты. Семинардың екінші күні Германия елінің Франкфурт қаласында жалғасады.

Просмотров страницы: 64

Серіктестер