Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз!

Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
басты бетке

Дарынды жастар – ел болашағы

Қазақстан құрама командасы Әзірбайжан елінде информатика пәнінен өткен халықаралық олимпиадада (IOI-2019) 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен 13-14 орынға ие болды!

Өскемен қаласындағы дарынды ер балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Байболов Темирлан және Нұр-Сұлтан қаласындағы «Spectrum» халықаралық мектебінің түлегі Құрбанбаев Жан – қола медаль иегерлері атанды!

Олимпиадаға әлемнің 87 елінен 325 оқушы қатысқан. Естеріңізге салсақ, информатика пәнінен Қазақстан құрамасы 2007 жылы 2 алтын 2 күміс медаль жеңіп, 7-орынды иеленген еді. 2020 жылы IOI-2019 олимпиадасы Сингапурда өтеді. Барлық қазақстандықтарды айтулы жеңіспен құттықтаймыз!

Просмотров страницы: 5

Серіктестер