Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

Биология пәнінен өткен дүниежүзілік олимпиадасында “Білім-инновация” лицейінің оқушылары жүлделі орындарға қол жеткізді

14-22 шілде аралығында Иранның Тегеран қаласында биология пәнінен өткен дүниежүзілік олимпиадасында Ақтөбе «Білім-инновация» лицейінің оқушысы Албаков Кайрат және Нұрорда мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Қуантай Аманжол күміс медаль, Тараз «Білім-инновация» мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Тұртемір Әділет қола медаль иегері атанды.

Медаль иегерлерін, ата-аналарын, лицей ұжымын және пән мұғалімдерін шын жүректен құттықтаймыз! Білім бәсекесінде еліміздің намысын қорғаған оқушыларымыздың бағындырар асулары көп болсын! Жеңісті күндер көп болғай!

Просмотров страницы: 228

Серіктестер