Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз!

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

«Билингвалды пән мұғалімі» курсы

2017 жылы 11 сәуір – 15 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және ««USTAZ» Professional Learning Centre» қоғамының ұйымдастыруымен, Алматы «Білім-инновация» қыз балалар лицейінде оқытушыларға арналған билингвал курсы өтті.

Билингвал курсына Алматы қаласы мектептерінен физика, химия, биология, информатика пәндерінің 44 мұғалімі қатысып, «Билингвалды пән мұғалімі» білім беру бағдарламасы бойынша ағылшын тілінде 480 сағаттық курстан өтті.

Оқыту барысында ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Бикенина Гузалия, Турель Байрам, Есельбаев Рауан, практикалық кезеңін өткізген   информатика пәнінің мұғалімі Алибекова Гульназ, химия пәнінің мұғалімдері Елюбаев Олжас, Сыздыков Асқар,  биология пәнінің мұғалімі Кусаинова Айгерім жаңашыл технологияларды қолданып, заманауи талаптарға сай дәріс өткізді.

«Билингвалды пән мұғалімі» курсының қорытындысы ретінде, 13 желтоқсан күні қатысушыларға «Үш тілде білім беру – заман талабы» тақырыбында қалалық семинар-практикум өткізілді.

Курстың нәтижесі бойынша, мұғалімдердің ағылшын тілін білу деңгейлері Халықаралық CEPT тестінің В1 дәрежесіне жетті. Ұйымдастырушылар тарапынан қатысушы мұғалімдерге «USTAZ» Professional Learning Centre және CAMBRIDGE ENGLISH Language Assessment-тің сертификаттары табысталды.

Мұғалімдер курстың ұйымдастырушыларына және сабақ берген тренерлерге өз ризашылықтарын білдірді.

 

Просмотров страницы: 32

Серіктестер