Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

Білім мен ізгіліктің ордасы – «NURORDA»!

Астананың төрінде бой көтерген «NURORDA» мектеп-лицейі Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы соққан қоңырау үнімен 2007 жыл ашылған еді. Салтанатты ашылу барысында Н.Ә.Назарбаев: «Интеллектуалдық мектептерге айрықша мәртебе беріліп, олар айрықша жабдықталады. Осыған қоса ұстаздар да айрықша іріктеуден өтеді», – деп  білім кешенінің маңызын ерекше атап көрсеткен еді. Биыл, міне, сол тарихи күннің жылнамасы  өтіп, «БілімОрда»  Халықаралық қоғамдық қорының жетекшілігімен жұмыс істеп келе жатқан білім ордасы өзінің 10 жылдық мерейтойын тойлауда. Осы уақыт аралығында заман көшіне ілесіп, әлемдік білім стандарттарына арқа сүйеген еңселі лицей егемен еліміздің ертеңі үшін білімді де білікті, саналы да парасатты азаматтар тәрбиелеуде табандылықпен жұмыс істеп келеді.

Білім ордасынын  басты мақсаты –әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті бола алатын зияткер және Отан, қоғам мен жанұя алдындағы жауапкершілігін жете түсінетін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу. Сондықтан да «NURORDA» мектеп-лицейінде әр шәкірттің интеллектуалдық әрі шығармашылық қабілетін дамытып, ізденімпаздығы мен білімін жан-жақты жетілдіріп, оқуға деген ынта-ықыласын арттыруға барлық жағдай жасалған.

Лицейдің оқыту үрдісінің ерекшеліктері – оқушыға жаңа технологияларды пайдалана отырып, әлемдік деңгейдегі заманауи білім беру. Мектепте жаратылыстану бағытындағы  пәндер ағылшын тілінде окытылады.  Окыту процесінде «Apple» фирмасымен бірлесіп жасалған «LightHouse School» жобасы,   Мектепте оқушыларды өз бетінше білім алуға жетелейтін жоба негізінде білім беретінPBL (Project Based Learning) –    тағы басқа да   ірі жобалар жұмыс істеуде.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады» деген сөзіне орай мектебіміздің оқушылары 10 жылда толағай табыстарға қол жеткізіп, тек еліміздегі дүбірлі додаларда ғана емес, халықаралық олимпиадалар мен сайыстарда да Қазақстанның көк байрағын биікте желбіретті. Лицей шәкірттері осы уақыт аралығында білім жарыстарында жалпы саны 241 медаль жеңіп алды. Олар мектеп қоржынына 70 алтын, 61 күміс және 110 қола жүлде әкелді. Оқушылар«MOSTRATEC, «InfoMATRIX», «INEPO»,   «Математика жане жобалау» сияқты әлемдік  додаларда  ғылыми жұмыстарын коргап , халықаралық  Тынық Мұхиты , Жәутіков, Сатпаев олимпиадаларында  мерейлері үстем болып жүр.

 

«NURORDA» мектеп-лицейінде тәлім-тәрбие алған түлектерді мақтауға да, мақтануға да болады. Себебі олар қазіргі таңда биік асуларды бағындырып, әлемнің алдыңғы қатарлы 300 үздік университетінің студенті.

Еңселі елордамыздың төрінде ойып тұрып орын алған «NURORDA» мектеп-лицейінің ұжымы 10 жылдан бері тапжылмай еңбек етіп, сапалы білім мен өнегелі тәрбие беретін ізгіліктің ордасына айналды десек артық айтқан емес. Алайда бұл тек бастапқы меже ғана. Мектептің болашаққа деген бағыт-бағдары айқын, мақсаты берік. Сондықтан да лицей ұстаздары Қазақстанның кемел келешегіне өзінің салмақты үлесін қосатын шәкірт тәрбиелеп, елімізді алға жетелейтін дарынды да талапты оқушыларға білім нәрін сусындатуды жалғастыра бермек.

Талай тағдырларды тоғыстырған білім ордасы біраз түлегін түлетіп, алтын ұядан жүздеген шәкір өмір жолына жолдама алды.Осы  уақыт аралығында мектеп азды- көпті жетістікке жетіп, биік белестерді  бағындырды деп нық айта аламыз. Он жыл әрине үлкен бір  уақыт емес болмағанымен, мектеп алғашқы жылдары қалай қалай болды, атауын кім қойды, алғашқы кірпіші қалай қалай қаланды, бейнетін кімдер көрді.. Назарларыңызға ұсынылып отырған деректі фильм  қызығы мен қуанышы көл- көсір,  сәні мен салтанаты жарасқан  алтын ұяның тарихынан сыр шертеді..

Естеліктер мен бүгінгі күннің шынайы келбеті туралы осы деректі  фильмнен  көре аласыздар. Мерейің үстем болсын, «NURORDA»

 

Просмотров страницы: 45

Серіктестер