Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз!

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

Білім мен ізгіліктің ордасы – «NURORDA»!

Астананың төрінде бой көтерген «NURORDA» мектеп-лицейі Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы соққан қоңырау үнімен 2007 жыл ашылған еді. Салтанатты ашылу барысында Н.Ә. Назарбаев: «Интеллектуалдық мектептерге айрықша мәртебе беріліп, олар айрықша жабдықталады. Осыған қоса ұстаздар да айрықша іріктеуден өтеді», – деп білім кешенінің маңызын ерекше атап көрсеткен еді.

10 жылдан астам уақыт «Білім Орда» Халықаралық қоғамдық қорының жетекшілігімен жұмыс істеп келе жатқан білім ордасы осы уақыт аралығында заман көшіне ілесіп, әлемдік білім стандарттарына арқа сүйеген еңселі лицей егемен еліміздің ертеңі үшін білімді де білікті, саналы да парасатты азаматтар тәрбиелеуде табандылықпен жұмыс істеп келеді.

Білім ордасынын басты мақсаты – әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті бола алатын зияткер және Отан, қоғам мен жанұя алдындағы жауапкершілігін жете түсінетін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу. Сондықтан да «NURORDA» мектеп-лицейінде әр шәкірттің интеллектуалдық әрі шығармашылық қабілетін дамытып, ізденімпаздығы мен білімін жан-жақты жетілдіріп, оқуға деген ынта-ықыласын арттыруға барлық жағдай жасалған.

Лицейдің оқыту үрдісінің ерекшеліктері – оқушыға жаңа технологияларды пайдалана отырып, әлемдік деңгейдегі заманауи білім беру. Мектепте жаратылыстану бағытындағы пәндер ағылшын тілінде окытылады.  Окыту процесінде «Apple» фирмасымен бірлесіп жасалған «LightHouse School» жобасы, Мектепте оқушыларды өз бетінше білім алуға жетелейтін жоба негізінде білім беретін PBL (Project Based Learning) –    тағы басқа да ірі жобалар жұмыс істеуде.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады» деген сөзіне орай мектеп оқушылары толағай табыстарға қол жеткізіп, тек еліміздегі дүбірлі додаларда ғана емес, халықаралық олимпиадалар мен сайыстарда да Қазақстанның көк байрағын биікте желбіретті. Лицей шәкірттері осы уақыт аралығында білім жарыстарында жалпы саны 241 медаль жеңіп алды. Олар мектеп қоржынына 70 алтын, 61 күміс және 110 қола жүлде әкелді. Оқушылар «MOSTRATEC», «InfoMATRIX», «INEPO», «Математика және жобалау» сияқты әлемдік додаларда ғылыми жұмыстарын корғап, халықаралық Тынық Мұхиты, Жәутіков, Сатпаев олимпиадаларында мерейлері үстем болып жүр.

«NURORDA» мектеп-лицейінде тәлім-тәрбие алған түлектерді мақтауға да, олармен мақтануға да болады. Себебі олар қазіргі таңда биік асуларды бағындырып, әлемнің алдыңғы қатарлы 300 үздік университеттің студенті атанып жүр.

Еңселі елордамыздың төрінде ойып тұрып орын алған «NURORDA» мектеп-лицейінің ұжымы құрылғанынан бері тапжылмай еңбек етіп, сапалы білім мен өнегелі тәрбие беретін ізгіліктің ордасына айналды десек артық айтқан емес. Алайда бұл тек бастапқы меже ғана деп ойлаймыз. Мектептің болашаққа деген бағыт-бағдары айқын, мақсаты берік. Сондықтан да лицей ұстаздары Қазақстанның кемел келешегіне өзінің салмақты үлесін қосатын шәкірт тәрбиелеп, елімізді алға жетелейтін дарынды да талапты оқушыларға білім нәрін сусындатуды жалғастыра бермек.

Просмотров страницы: 34

Серіктестер