Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз!

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Атырау «Білім-Инновация» лицейі 1-қыркүйек БІЛІМ күнін ерекше мерекелік салтанатты шарамен атап өтті. Білім шамшырағы жағылған бүгінгі күні лицей табалдырығын жаңадан аттаған 50 оқушы үшін бүгінгі күн ерекше. Түсу емтиханынан үздік нәтиже көрсеткен олар енді заман талабына сай, білім алуға бар жағдай жасалған лицей қабырғасынан 5 жыл тәлім-тәрбие алмақ.

Ал шәкірттер мен ұстаздарды, ата-аналарды білім күнімен құттықтаған лицей директоры Исмаил Эльма болса, білім ордасының басты мақсаты өз халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін, тарихы мен ұлттық ерекшелігін бойына сіңіре білген, білімді де талапты, көп тіл білетін, жаһандық көзқарасы бар жан-жақты шәкірт тәрбиелеп шығару деп атап өтті.

Бұған қоса, мерекелік шарада еліміздің өзге аймақтардан лицейге ауысып келген жаңа мұғалімдер де таныстырылды. Бар білімі мен тәжірибесін шәкірт тәрбиелеу жолында жұмсауға білек сыбана дайын отырған ұстаздар бүгінгі білім күні ерекше көңіл күймен шәкіттерімін қауышып, құрметке бөленді. Ата-аналар тілектерін білдіріп, өңірімізде сапалы білім беру мен үлкен жетістіктерімен танылып үлгерген білім ошағына жаңа оқу жылында толағай табыстар тіледі.

Атап өтер бір жәйіт, биыл Атырау «Білім-Инновация» лицейінің құрылғанына 25 жыл толды. Осыған байланысты білім ордасы бірнеше іс-шараларды ұйымдастыруды жоспарлауда.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар сіздерді жаңа оқу жылымен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыстарға жетулеріңізге және әрқашанда шәкірттеріңіздің сый құрметі мен махаббатына бөленіп, оқушыларыңыздың жетістіктерінің куәгері болып жүрулеріңізге тілектеспіз!

Просмотров страницы: 9

Серіктестер