Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
басты бетке

«Білім-Инновация» лицейлері арасында ҰБТ-да ең жоғары балл жинаған түлек арманымен бөлісті

Павлодар «Білім-Инновация» лицейінің оқушысы, «Алтын белгі» иегері – Белгибаева Аружан

Талапты еңбектің оң нәтижесі болары анық. Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағынан 138 балл жинаған Павлодар «Білім-Инновация» лицейінің оқушысы, «Алтын белгі» иегері – Белгибаева Аружан тынымсыз еңбегінің арқасында ең жоғары нәтижеге жетіп отыр.  Еліміздің озат оқушыларының бірімен тілдескен едік.  

«Адам баласы өмірге келгеннен кейін белгілі бір арман-тілегі болады. Менің арманымның бірі – қазақ-түрік лицейіне (қазіргі «Білім-Инновация» лицейі) оқуға түсу болатын. Себебі маған өзге тілдерді меңгеру қатты ұнайтын. Арманым орындалып, аталмыш оқуды үздік аяқтадым. Бұндай жетістікке жетуіме ата-анам мен ұстаздарымның үлесі зор, оларға алғысым шексіз. «Білім-Инновация» лицейінде алған білімім мен қажырлы еңбектің арқасында ҰБТ-дан жоғары ұпай жинадым.

Алдағы уақытта өзімді біліміне сенімді, бәсекеге қабілетті, арманын мақсатына айналдыра білетін жастардың қатарынан көргім келеді. Ендігі мақсат бизнес және экономика саласы бойынша, еліміздегі алдыңғы қатарлы КИМЭП, ҚБТУ, ҚНУ, СДУ сияқты университтердің бірінде білім алу.  Болашаққа сеніммен қарайтын жастың арманы асқақ, үміті жарқын болса да, қобалжу болатыны орынды. Алайда, бұл қобалжу алдыма қойған мақсатыма жетер жолда кедергі келтірмес деп ойлаймын» , – дейді болашақ студент.

Просмотров страницы: 14

Серіктестер