Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз!

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

“Білім-Инновация” лицейінің ұстаздары Елбасы Жолдауына қатысты пікір білдірді

Көкшетау «Білім-Инновация» лицейінің ұстаздары Хабар 24 республикалық телеарнасы таңғы жаңалықтарының тікелей эфирі арқылы Мемлекет басшысының Жолдауындағы білім саласына қатысты өзгерістер жайында пікірлерін білдірді.

Ұстаздардың пікірінше, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жаңа Жолдауда айтқандары бүгінде өте маңызды. Бұл оқытудың жеке бағдарын жасауға және оқушы мен мұғалімнің оқу жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Жолдауда айтылған білім сапасын бағалау жүйесін халықаралық стандартқа негіздеу және мектеп оқушыларын мейлінше сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеу мен кәсіби диагностика жүргізу мәселелері оқытудағы тың басымдықтардың бірі болмақ.

Бүгінгі таңда осы бағытта аталған лицейде оңтайлы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Атап айтсақ, 7-сыныпқа жаңа қабылданған оқушылармен оқу жылының басында пәнге бағыттау, ол арқылы болашақ мамандыққа бейімдеу жұмыстары атқарылады. Осы орайда, алдымен, оқушыдан, оның ата-анасынан оқушының болашақта нені қалайтындығын, қандай пәнді терең меңгергісі келетіндігін анықтайтын сауалнамалар, әртүрлі пән негіздерінен тестілеулер жүргізіліп, нәтижелері бойынша педагогикалық консилиум арқылы сұрыпталынып алынады. Сондай-ақ, оқу-тәрбие үрдісінде өз сүйікті мамандықтары арқылы айтулы жетістікке жеткен азаматтармен кездесу мақсатында «Қонақ – лектор», «Жаныңда жүр жақсы адам», «Ата-анамның жұмыс орнындағы бірнеше күн» атты әлеуметтік жобалар іске асырылуда. Бұл жобалар оқушыларымызға түрлі кәсіптің қыр-сырын аңғаруға жол ашады. Және де, жоғарғы сынып оқушылары әр тоқсан сайын қалалық, республикалық, мүмкіндігінше, халықаралық оқу орындарымен танысу үшін сол оқу орындарында ұйымдастырылатын «Ашық есік»  күндері мен «Білім жәрмеңкелеріне» жиі қатыстырылып отырады. Осындай жұмыстар нәтижесінде «Білім-Инновация» лицей-интернаты түлектері болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдап алады десек, еш қателеспегеніміз.

Ал, Назарбаев Зияткерлік Мектептерінің бағдарламасының қазіргі кезде ең озық бағдарлама деп есептейтінін және бағдарлама жалпы білім беретін орта мектептерге енсе, оқушылар халықаралық стандартты меңгерген, әлемдік білім деңгейінде білім алатын, бәсекелестікке қабілетті, фунционалды сауатты, алған білімдерін өмірдің кез келген саласында қолдана алатын, сыни көзқарастары дамыған, өзін-өзі бағалай алатын, креативті ойлайтын оқушылар дайындалады. Сонымен бірге мұғалім де сабақ барысында үйлестірушілік қызмет, яғни қазіргі тілмен айтқанда, менеджменттік қызмет атқарып, оқушыларды ізденуге және түрлі ақпараттық технология көздерінен керекті білім ресурстарын өз беттерінше іздеп табуға бағыттайды.

Жолдауда Елбасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңды әзірлеп, қабылдауға тапсырыс беруі бәрімізді қуантады, әрі бұл Елбасының бізге, мектеп мұғалімдеріне, білдірген зор сенімі мен жүктеген үлкен жауапкершілігі деп білеміз. Мұғалімдер үшін игілікті істердің қарастырылып, жүктемені азайтудың, міндеттен тыс функциялардан арашалаудың заңдастарылуы мұғалімнің қоғамдағы маңызды орнын айқындай түсеріне сенімдіміз! Педагог мәртебесінің артуы – сапалы білімге бастар жаңа серпін, даңғыл жол екендігі сөзсіз.

Адами ресурсқа, Қазақстан Республикасы азаматтарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған Жолдаудағы әрбір тармақ – еліміздің қарқынды дамуының іргетасы деп білеміз.

 

Просмотров страницы: 5

Серіктестер