Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

Бекболат Тілеухан бізде қонақта

Қарағанды «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» қыз балалар лицейі 

Қараша айының 27 жұлдызы күні Қарағанды облысы №2 «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, қоғам қайраткері, Қазақстанның ұлттық спорт түрлері қауымдастығының төрағасы, сазгер Тілеухан Бекболат Қанайұлы мырзамен кездесу өтті. Кездесудің басты мақсаты: болашақ жастарды рухани адамгершілік қасиеттерге баулу, еліміздің гүлденуі мен өркендеуіне өз үлесін қосатын жауапкершілігі мол жастарды тәрбиелеу. Айтулы кездесуде Бекболат мырза оқушыларға өзінің өмір жолын,жастардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруды, салихалы әңгімесімен, маңызды, мағыналы ақыл кеңестерін айтты. Өз кезегінде оқушыларымыз өздерін қызықтырып, толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, көңіл толтырарлық жауаптарын алды.

Кездесу соңында лицей директоры Егенбердиев Қанат мырза қадірлі қонағымызға лицейіміздің атынан алғысын білдіріп, оқушылармен естелікке суретке түсті. Бұл кездесудің лицей оқушылары үшін маңызы өте жоғары болды. Себебі, белгілі тұлғаның өмір жолының мысалдарынан оқушылар өз күштерімен қаншама биікті бағындыруға болатынын түсінді. Танымал тұлғалармен кездесу – белгілі бір адамдарды тәрбиелеудің таптырмас бір әдісі. Сондықтан алдағы уақытта да лицейімізде мұндай кездесулер өткізілетін болады.

 

Просмотров страницы: 97

Серіктестер