Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

АТЫРАУ «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ЛИЦЕЙІНДЕГІ IT КАБИНЕТІ ҮЛГІ РЕТІНДЕ ҰСЫНЫЛДЫ!

6-қыркүйек күні Атырау «Білім-Инновация» лицейіне «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев келіп, оқушыларды бағдарламалау және робо-техниканың негіздерін оқытатын «Айти-технологиялар» (әрі қарай – IT) кабинетінің жұмыс барысымен танысты. Білім ошағының шәкірттері енді IT технологиясының қыр-сырын арнайы әзірленген кабинет арқылы тереңдетілген жүйе бойынша білім алады. Биыл, Атырау партиялық жаңғыру аясы негізінде облыс көлемінде мектеп оқушыларына арналған 10 «Айти-технологиялар» кабинеті ашылған болатын.

Сапар барысында лицей оқушылары Мәулен Сағатханұлына өздері құрастырған роботтардың қызметімен таныстырып, «smarthouse» жобасының маңыздылығын түсіндіріп берді. Бұл салада оқушылардың ізденісіне риза болған Мәулен Әшімбаев IT кабинетінің жұмысына оң бағасын берді.

Оқушылармен еркін сұхбат құрған Мәулен Әшімбаев келешекте еліміздегі барлық салаға цифрландыруды енгізудің маңызды міндет екендігін айтты. Сол үшін де тың технологиялық инновациялық жобалардың бастауы осындай мектептерден көрініс табуы қуантарлық жағдай екенің жасырмады. Бұған қоса жаңа заман дамуының негізгі тетігі технология саласында екендігін, алдағы уақытта IT саласындағы білікті мамандарға деген сұраныстың артатының сөз етіп, лицей шәкірттерін технология тілін терең меңгеруге шақырды.

Айта кетер бір жәйіт, Атырау «Білім-Инновация» лицейі ағымдағы оқу жылында өз ғимаратындағы IT кабинеті аптасына үш рет қала және облысқа қарасты мектеп оқушылары арасынан іріктелген 52 оқушыға бағдарламалау мен робо-техниканың негіздерін тегін оқытуды жоспарлауда.

 

Просмотров страницы: 83

Серіктестер