Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
басты бетке

Ата-аналар арасындағы республикалық «Достық» спартакиадасы

«Білім-Инновация» лицейі тәрбиеленушілерінің ата-аналары ұстаздармен тығыз қарым қатынас орнатып, балалардың оқуы мен тәрбиесіне белсенді қатысады. Ата-аналар арасындағы республикалық «Достық» спартакиада осының айғағы.

Биылғы іс шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналып, барлық аймақта өтуде. Бұл жолы ата-аналардан құралған командаларды Петропавл қаласы қабылдады.

Спартакиадаға жергілікті және Астана, Жезқазған, Көкшетау, Қарағанды, Павлодар, Қостанай мен Екібастұз қалаларынан 8 команда жиналды. Спортқа деген сүйіспеншілігін көрсетіп, балаларына үлгі болам деген ата-аналар өзара волейбол, үстел теннисі мен шахматтан жарысты.

Спартакиада нәтижесі бойынша астаналық ата-аналар волейбол мен үстел теннисінен үздік атанды. Ал екібастұздықтар ақыл-ой спорты – шахматтан ешкімге дес бермейтіндерін көрсетті. Ал, волейбол ойыны бойынша 2-орынды Петропавл БИЛ командасы иеленсе, 3-орын Көкшетау және Павлодар қыз БИЛ-не бұйырды. ⠀

«Көрермендер көзайымы» – Астана қыз БИЛ, «Ең ұйымшыл команда» – Қостанай БИЛ, «Ең белсенді команда» – Жезқазған БИЛ, «Ең алғыр команда» – Петропавл БИЛ, «Ең намысшыл команда» – Қарағанды қыз БИЛ, «Ең әмбебап команда» – Екібастұз лицейі.

http://petropavltv.kz/kz/news/sport/ata-analar-spartakiadasy

Просмотров страницы: 26

Серіктестер