Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

АТА-АНАЛАР АРАСЫНДАҒЫ АЙМАҚТЫҚ «ДОСТЫҚ» СПАРТАКИАДАСЫ

Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына орай, 17 желтоқсан күні Орал қаласында еліміздің батыс өңірлерінде орналасқан «Білім-Инновация» лицейлерінің ата-аналары арасында спартакиада өтті.

Спартакиаданың негізгі мақсаты – Елбасының «Рухани жаңғыру» идеясын іске асыру, ата-аналар арасындағы қатынасты күшейту, оқушы тәліміндегі тәрбие үштағаның (ата-ана – оқытушы – оқушы) нығайту, ел болашағы – жас ұрпаққа салауатты өмір үлгісін іс жүзінде көрсету.

Аталмыш спорттық шараға Ақтөбе, Атырау, Жаңаөзен және Құлсары қаласынан келген 100-ге жуық ата-ана, барлығы сегіз команда қатысты. Соның ішінде, жарысқа алғаш қатысқан №11 С.Сейфуллин атындағы мектеп-лицей-интернатын ерекше атап өткіміз келеді. Жарыс үш бағытта өрбіді: волейбол, үстел теннисі және шахмат.

 

 

 

 

 

 

Жарыстың нәтижелері:

Волейбол:

Бас жүлде – Орал «Білім-Инновация» лицейінің ата-аналар құрамасы

I орын – Құлсары лицейінің ата-аналар құрамасы
II орын – Атырау ерлер «Білім-Инновация» лицейінің ата-аналар құрамасы
III орын – Атырау қыздар лицейінің ата-аналар құрамасы

Шахмат:

I орын – Хасанов Қайрат (Орал «Білім-Инновация» лицейі)
II орын – Таяуов Өмірсерік (Ақтөбе «Білім-Инновация» лицейі)
III орын – Шукургалиев Ербол (Орал «Білім-Инновация» лицейі)

Үстел теннисі (аналар):

I орын – Олжатаева Кәмшат (Орал «Білім-Инновация» лицейі)
II орын – Темирова Эльмира (Құлсары лицейі)
III орын – Ербулекова Жанаргүл (Құлсары лицейі)

Үстел теннисі (әкелер):

I орын – Жексенгалиев Рауан (Орал «Білім-Инновация» лицейі)
II орын – Турашев Мұханбет (Орал «Білім-Инновация» лицейі)
III орын – Мунбаев Сәрсенбай (Атырау қыздар лицейі)

Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, білім ошақтары арасындағы ынтымақтастықты нығайтатын, ата-ана мен мектеп арасын байланыстыратын, салауатты өмір салтын насихаттайтын ауқымды іс-шаралар алдағы уақытта жалғасын таппақ.


 


 

Просмотров страницы: 127

Серіктестер