Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз!

Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
басты бетке

Астанада оқушылар арасында республикалық баскетбол турнирі өтті

4-5 қаңтар күндері Астана қаласы «NURORDA» мектеп-лицейінде«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» және «БІЛІМ ОРДА» Халықаралық қоғамдық қорына қарасты білім беру ұйымдарының оқушылары арасында, «Ұлттық баскетбол федерациясының» қолдауымен республикалық баскетбол жарысы өтті.

Шараның мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылар арасында сыйластық, ұйымшылдық қарым-қатынас орнату және дене тәрбиесіне дайындықты күшейту.

Сайысқа «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ қарасты ұйымдарының және «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ меморандум жасасқан мектептердің 9-11 сынып оқушыларынан құралған 15 команда, барлығы 130-ға жуық оқушы қатысты.

Республикалық баскетбол жарысы лицей оқушылары арасында биыл алғаш рет өткізілген.

Жарыстың қорытындысы бойынша, Көкшетау «Білім-Инновация» лицейінің құрамасы финалдық ойында Есік «Білім-Инновация» лицейін 28:11 есебімен ұтып, жеңіске жетті. Ал Есік«Білім-Инновация» лицейі жүлделі II орынды иеленсе, Атырау «Білім-Инновация» лицейі III орынға лайық деп танылды.  

Сондай-ақ, ойын қорытындысы бойынша, бірқатар оқушы үздік деп танылды. Олар: «Үздік бапкер» – Карасартов Еркебулан, Көкшетау БИЛ, «Үздік ойыншы» – Кенжебаев Алдияр, Атырау БИЛ, «Үздік қорғаушы» – Ермеков Тамерлан, Атырау БИЛ және Ермеков Темірлан Екібастұз ОМПЛ, «Үздік байланыстырушы» – Аxунов Дамир Есік БИЛ, «Тәртіпті команда» – Екібастұз ОМПЛ, «Ұйымшыл команда» – Павлодар БИЛ, «Үздік шабуылшы» – Қазбеков Дәулетбай, Көкшетау БИЛ, «Жеңіске құштар» – СДКЛ.

Просмотров страницы: 28

Серіктестер