Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

Астанада «Дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лиицей-интернатына жаңа ғимарат берілді

Білім күні қарсаңында Астана қаласы әкімдігінің «Дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лиицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жаңа ғимаратының есігін ашты.

Елорданың 20 жылдығы шеңберінде қолдануға берілген білім шаңырағының ашылу салтанатына ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Орсариев Арын Амангелдіұлы және «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қорының Президенті Дархан Өте қатысты.

800 орынға шақталған бұл білім ошағында үлкен акт залы мен спорт залы, асхана және топтық жұмыстармен айналысуға ыңғайлы шағын кабинеттер бар. Пәндік кабинеттер заманауи талаптарға сай жабдықталған.

Жаңа ғимарат ашылғанға дейін лицей оқушылары №17, 48, 72, 81-мектеп мекемелерінің ғимаратында білім алып келген. 2003 жылы ашылған білім ордасы араға 15 жыл салып өзінің жеке ғимаратына ие болуы елеулі оқиға. Осы аралықта лицей 500-ден астам түлекті қанаттандырған. Қазір олар еліміздің және әлемнің әр түкпірінің үздік жоғарғы орындарында білімін жалғастырып, түлектердің алды еліміздің  өркендеуіне ат салысып, қызмет жасауда. Лицей түлектерінің 65%-ы Қазақстанның, шетелдік жоғары оқу орындарының грантына ие болуда.

Айтмурзина Бақыт Қасымқызы, «Дарынды қыз балаларға арналған Астана «Білім-инновация» лицей-интернаты оқу ісінің меңгерушісі:

– Лицейіміз 2003 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Содан бері біздің жеке ғимаратымыз болмады. Міне биыл жаңа 2018-2019 оқу жылында Астана қаласы әкімдігінің, «Білім-Инновация» Халықаралық Қоғамдық Қорының, ата-аналарымыздың қолдауымен жаңа ғимаратқа қол жеткіздік. Бүгін біз үшін айтулы мереке, қуанышты күн. Лицейіміздің балаларды оқыту-тәрбиелеу ісінде жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келе жатқаны республика көлемінде белгілі. Соңғы бес жылды ғана қамтығанның өзінде 36 түлек «Алтын белгі» иегері болды. 206 оқушы облыстық, республикалық, халықаралық  олимпиадалар мен ғылыми жобалардың жеңімпаздары атанып жүр.

Лицей ұжымындағы педагогтердің сапалық құрамы жоғары. Мұғалімдердің  33% – жоғары,  30% – бірінші,  9% – екінші санатты. Лицейде техникалық пәндер, яғни математика, химия, информатика, физика, биология ағылшын тілінде жүргізіледі.

Еліміздің болашағына ұлттық тәлім жаршысы, кемел білімнің шамшырағы болып келген еңселі білім ордасы, «Дарынды қыз балаларға арналған «Біліи-инновация» лицей интернаты» КММ-сі, өзінің жеке шаңырағында әлі талай биік шыңдарды бағындыратыны анық.

Просмотров страницы: 226

Серіктестер