Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

Астана «Білім-Инновация» лицейінің оқушылары Англияда өтетін футзал жарысына қатысады

2-3 қараша күндері Астана қаласы «NURORDA» мектеп-лицейінде «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» және «БІЛІМ ОРДА» Халықаралық қоғамдық қорына қарасты білім беру ұйымдарының оқушылары арасында, Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен кіші футболдан республикалық жарыс өтті.

Республикалық кіші футбол жарысы биыл 6-рет ұйымдастырылып отыр. Сайысқа «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ қарасты ұйымдарының және «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ меморандум жасасқан мектептердің 7-8 сынып оқушыларынан құралған 27 команда, барлығы 250-ге жуық оқушы қатысты.

Ашылу салтанатына Қазақстан футбол федерациясының Бұқаралық футбол департаменті директорының орынбасары Серік СӘРСЕНБЕКОВ, «Білім-инновация» ХҚҚ Президенті Дархан ӨТЕ және «Білім Орда» ХҚҚ Президенті Дарханбек ҚОЖАБЕКОВ қатысып, оқушыларға сәттілік тіледі.

Бірінші күні таласқа толы ойындар қызықты да тартымды болып, жанкүйерлер тақымын қысып отырды. Нәтижесінде қарсыластарын басып озып, шаң қаптырған Астана, Ақтау, Атырау, Қостанай, Алматы және NURORDA мектеп-лицей командалары ширек финалдан топ жарып шықты.

Финалда Алматылықтардан айласын асырған Атыраулықтар үшінші орынға табан тіресе, Англияда өтетін футзал жарысына жолдама Астана және Ақтау лицейлерінің командалары арасында ойналып, 6:1 есеппен Астана «Білім-Инновация» лицейі жеңіске жетті.

Ойын барысында тынымсыз шабуыл жасап, сұрмергендігімен көзге түскен Коломийцев Танат – «Үздік шабуылшы» атанды.

Қарсы жақтың шабуылшыларын қыспаққа алып, өз командасын тығырықтан алып шыға білген Бауыржанұлы Айбек – «Үздік қорғаушы» деп танылса, жеңіске жеткен команданың бапкері Усипбеков Шоқанға – «Үздік бапкер» атағы бұйырды.

Командаларын алға сүйреп, тамаша өнер көрсеткен Мұхаммеджан Иманғали – «Үздік ойыншы» атанды.

Просмотров страницы: 38

Серіктестер