Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

АҚ ЖОЛ, ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ!

Биылғы оқу жылы №9 Қызылорда «Білім-инновация» лицей-интернатында 41 оқушы алтын ұя мектеппен қоштасып, үлкен өмір жолына қадам басып отыр. Бітіруші түлектер қорытынды аттестаттау емтихандарын тапсырып, 11 оқушы «Алтын белгі», 5 оқушы «Үздік аттестатпен» лицей-интернатын аяқтады.

Жас түлектердің 35-і Ұлттық Бірыңғай Тестілеу сынағын тапсырса, 8 оқушы Назарбаев Университетінің грантына ие болды. Сонымен қатар, 1 оқушы Мәскеу Энергетика университетінің грантына үміткер атанып, 3 оқушы Польша астанасы Варшава қаласының жоғары оқу орнына жолдама алып отыр.

Қызылорда «Білім-инновация» лицей-интернатының жас түлектеріне алдағы үлкен сынақ Ұлттық Бірыңғай Тестілеуден өздері қалаған нәтижеге қол жеткізіп, таңдаған жоғарғы оқу орны студенті атануға, арман еткен мамандықтың иесі атануларына, биік белестерге жетулеріне шын жүректен тілектеспіз!

 

Просмотров страницы: 3

Серіктестер