Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
басты бетке

“Алтын үштік: Ұстаз, оқушы, ата-ана” республикалық форумы

2019 жылғы 12-13 сәуір аралығында  Нұр-Сұлтан қаласындағы «NURORDA» мектеп-лицейінде, «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» және ««Білім Орда» Халықаралық қоғамдық қорларына қарасты білім беру ұйымдарының ата-аналарына арналған «Алтын үштік: Ұстаз, оқушы, ата-ана» атты Республикалық форум өтті.

Өнегелі ұрпақ тәрбиесі білім ордасының бір бағытта жұмыс істеуінен басталады. Ата-ана мен мұғалімдер арасындағы байланысты нығайту – саналы ұрпақ тәрбиелеудің басты кепілі. Осы идеяны насихаттауды мақсат тұтқан форумның ерекшелігі іс-шараның ашық әңгіме, пікір алмасу түрінде өтуі.

Отбасы мен мектеп, ұстаз бен ата-ана, бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас қашан да өзекті. Бүгінгі қоғамның да басты міндеттерінің бірі-еліміздің сауатты, инабатты, адамгершілігі мол ұрпақ тәрбиелеу. Осындай біршама мақсаттарды жүзеге асыруды міндет тұтқан форумға еліміздің әр аймағынан 100-ге жуық ата-ана қатысты.

Форумның ашылу салтанатында “Білім-Инновация” ХҚҚ-ның президенті Дархан Өте,  “Білім Орда” ХҚҚ-ның Қамқоршылық кеңісінің мүшесі Гүлнар Омарова лебіздерін білдірді.

Назарбаев университетінің вице-президенті Қадиша Дайырова

Назарбаев университетінің вице-президенті Қадиша Дайырова өзі қызмет ететін Қазақстандағы үздік оқу орнындардың бірінде оқитын студенттердің басым бөлігі БИЛ түлектері екенін айтты. Сондай-ақ жыл сайын лицей түлектерінің басым бөлігі Назарбаев университетіне тапсырғанымен көбі шет елдік университеттерден шақырту алатынын да атап өтті.

“Астана” халықаралық университетінің вице-президенті Рахымбек Жолаев ата-ана, мұғалім және оқушы үштігін бизнес үлгісінде түсіндіріп берді. Аталған үштіктің арасында байланыс туралы да ой өрбітті.

Семей “Білім-Инновация” түлегі, қазір осы лицейлердің ата-анасы Саясат Нұрбек заман көшінен қалмаған жастар жөнінде әңгіме айтты. Жылдар бойы жинаған тәжірибесімен, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу жайлы ойларымен бөлісті.

Форумның ашылу салтанаты аяқталар тұста “Білім-Инновация” лицейлерінің ең белсенді ата-аналары марапатталды.

Форум барысында ата-аналарға бірнеше семинар өткізілді. Бірінші семинарда сөзді “USTAZ” кәсіби білім беру орталығының директоры Әлімжан Бекежанұлы алды. 2 сағатқа созылған тренингті тапжылмай тыңдаған ата-аналар өз ойларымен де бөлісті.

“USTAZ” кәсіби білім беру орталығының директоры Әлімжан Бекежанұлы

“Бүгінгі семинарды қорытындылай кетейін. Мектепте баланы тәрбиелеу үшін екі жақты мүдделі кісі бар. Мұғалім және ата-ана. Осы екіліктің өзара серіктестігі баланың дұрыс тәлім-тәрбие алуына бірден-бір ықпал ететін фактор. Ал, осы серіктестіктің деңгейі қандай болуы қажет? Бұл сұрақ семинар барысында кең талқыланды. Нақтырақ 7 ұстаным ретінде түсіндірілді. Бұл 7 ұстаным шет елдік тәжірибелерге сүйеніп, ата-ананың түрлі рөлін саралай отырып айтылды. Бір ұстанымға тоқталып өтейін. Бұл – балаға жанқияр дос бола білу. Ата-ананың баласы үшін жанын қиюға бар екені бәрімізге белгілі. Яғни ата-ана ерлік жасай алады. Ал мұғалім осы ерлікті тәлім-тәрбие беру жолында қолдана алса тиімділік одан әрі арта түседі. Қоғамда серіктестік деген қаржылай тұрғыдан ары аспай тұр. Моральдық тұрғыдан ата-ана мен мұғалім бала тәрбиесінде мықты серіктес болуы қажет. Себебі, баланың өскен ортасы, дүниетанымы, үй жайы тіпті туыстарының көзқарасы бала тәрбиесіне әсер етеді. Бүгінде мұғалім мен ата-ананың арасында ресмилікпен шектелген алшақтық бар. Шектеулі уақытта ғана жұмыс жүргізілгендіктен нәтиже бола бермейді. Себебі тәрбие беру үздіксіз процесс екені баршаға белгілі. Осы тұрғыдан алғанда ата-ана мен мұғалім біте қайнаса жұмыс жасауы тиіс. Сонда ғана бала тәрбиесінде елеулі өзгерістер орын алады”, – деді ол.

Форумның екінші күні қатысушылар КАЗГЮУ және Назарбаев университетінде болып, оқу барысымен танысты. Ал кеште “Білім-Инновация” лицейлерінің оқушылары арасында өтетін Көңілді Тапқырлар Лигасының финалдық ойынына қатысып, көңілді кештің куәсі болды.

Просмотров страницы: 150

Серіктестер