Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
басты бетке

Алматы «Білім-Инновация» лицейінің оқушылары халықаралық олимпиадада топ жарды

2019 жылдың 9-15 қаңтар аралығында Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде ХV Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті.

Биыл дәстүрлі олимпиадаға Ресей, Түркия, Грузия, Белоруссия, Болгария, Дания, Румыния, Сербия, Өзбекстан, Түркіменстан және АҚШ секілді әлемнің 18 елінен 520-дан астам оқушыдан құралған 80 команда қатысты. Бұл олимпиада физика-математика бағытындағы мамандандырылған мектеп шәкірттерінің үш бірдей пәннен сынға түсуімен ерекшеленеді. Жеңімпаздарды халықаралық дәрежедегі әділқазы алқасының мүшелері анықтады. Олимпиадаға қатысқан 520 оқушының 175-і өзіміздің қаракөздер болса, оның ішіндегі 50 оқушы Республикалық физика-математика мектебінен.

Информатика пәнінен Алматы «Білім-Инновация» лицейінің 11-сынып оқушылары Алмас Әбілханов пен Арафат Бауыржанұлы алтыннан алқа тақса, 10-сынып оқушысы Тұрсынбай Дінмұхаммед күміс медаль иеленді.

Қазақстан мектептерінің ішінде бірден екі алтын медальға қол жеткізген Алматы БИЛ мен Республикалық физика-математика мектебі. Алматы «Білім-Инновация» лицейі өткен жылғы республикалық олимпиада нәтижесі бойынша олимпиадалық мектердің ішінде үздік бестікке (ТОП-5) енген.  Күні кеше ғана өткен қалалық олимпиадаға 47 оқушы қатысып, 38 орын қол жеткізді.  Оның ішінде 9 алтын, 10 күміс, 19 қола медаль.

Просмотров страницы: 71

Серіктестер