Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз!

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

«30 сағатта фильм түсіру қызық әрі қиын…»

«30 HOUR FILM FEST» яғни, 30 сағатта фильм түсіру фестивалі өз мәресіне жетті!

27-29 қыркүйек аралығында Алматы қаласы Сулейман Демирел атындағы университетте «Білім-Инновация» және «Білім Орда» ХҚҚ қарасты білім беру ұйымдарының оқушылары арасында «30 HOUR FILM FEST» яғни, 30 сағатта фильм түсіру фестивалі өтті.

Фестиваль аясында оқушылар видеоконтент жасау жолдарын жетік меңгерген Нұрлан Иманғалиев, Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының студенті Тұран Мұрал, СДУ және NEW YORK FILM ACADEMY (кинематограф) студенті Қыран Талапбектен мастер класс алды.

Қатысушыларға фестивальдің ережесіне сай, ұйымдастырушылар тарапынан фильмде көрініс табу керек мәліметтер берілді. Олар: «Шәй, конверт, ұлттық ою-өрнек». Айтылу керек сөйлем: – «Осы уақытқа дейін қайда болдыңыз?»

Қатысушылардың өнерін бағалап, фестивальге төрелік еткен әділқазылар алқасы:

  • «Бизнес по-казахски», «Брат или брак» фильмдерінің сценаристі әрі режиссері, СДУ түлегі – Алишер Утев
  • «Білім-Инновация» ХҚҚ вице-президенті – Нұрбол Тулебаев
  • Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының студенті, Талдықорған БИЛ түлегі – Тұран Мұрал
  • Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының студенті, Жезқазған БИЛ түлегі – Аслан Пачалов

Талап пен еңбек, шығармашылық пен командалық жұмыс нәтижесінде:

– Қарағанды ұлдар БИЛ-нің «ProSQUAD» командасы 2 номинацияны жеңіп алды. «Үздік фильм» және «Үздік актёр» – Абдикеш Алихан.

– Көкшетау БИЛ «KoksheBILMedia» командасы – «Үздік операторлық жұмыс»

– Астана «NURORDA» мектеп-лицейінің «CinemaClub» командасы – «Үздік монтаж»

– Алматы қыздар БИЛ «WONDER» командасы – «Үздік сценарий»

– Астана қыздар БИЛ «ASKIZ PICTURES» командасынан Кусаинова Аружан – «Үздік актриса» номинациясын иеленді.

Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Назарларыңызға «Үздік» деп танылған жұмыстарды ұсынамыз.

Просмотров страницы: 11

Серіктестер