Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

“30 HOUR FILM FEST” фестивалінің жалпы ережелері

“30 HOUR FILM FEST” фестивалінің жалпы ережелері

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Фестиваль атауы: “30 HOUR FILM FEST”
1.2. Ұйымдастырушысы: “БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” ХҚҚ.
1.3. Фестивальдың жалпы өтетін уақыты: 26-30 қыркүйек 2018 жыл .
1.3.1 Фестиваль бағдарламасы:
26.09.2018 – Қатысушылардың келуі
27.09.2018 – Мастер класс
28.09.2018 – Сайыс
29.09.2018 – Сайыс қорытындысы және марапаттау
30.09.2018 – Қатысушылардың қайтуы
1.4. Фестивальға (әрі қарай – Сайыс) “БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” және “БІЛІМ ОРДА” ХҚҚ қарасты білім беру ұйымдарының оқушылары ғана, әр мектептен бір команда қатыса алады (әрі қарай – Қатысушы).
1.5. Сайысқа Ұйымдастыру алқасының мүшелері және оларға қатысты тұлғалар, жанұя мүшелері қатыса алмайды. Сайысқа жоғарыда аталған мектептерден тыс мектеп оқушылары қатыса алмайды.
1.6. Сайыс барысында және оған қатысты іс-шараларда, Қатысушының басқа қатысушыларға тіл тигізерлік, жеке бас құқығына нұқсан келтіретін және басқалай ҚР заңнамасын бұзатындай кез-келген іс-әрекеттері болмауы керек.
1.7. Егер Қатысушының іс-әрекеті 1.5, 1.6 және 1.7 тармақтарына сай келмесе, немесе жеңіске жету мақсатында алаяқтық танытса, Ұйымдастырушылар сайыс нәтижелерін қорытындылау кезінде аталмыш Қатысушыларды жарыстан шеттетуге құқылы.

2. ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ

2.1. Сайысқа тіркелу сілтемесі: http://tiny.cc/30HFF
2.2. Келесі, Қатысушыға әлеуметтік желілердегі парақшаларға және YouTube-каналға жазылу қажет: Facebook парақшамыз https://www.facebook.com/bil.edu.kz/
Instagram парақшамыз https://www.instagram.com/bil.edu.kz/
YouTube каналымыз https://goo.gl/9CaoE8

3. САЙЫС МЕХАНИКАСЫ

3.1. Қатысушыларды тіркеу 2018 жылдың 15-ші қыркүйегінен 24 қыркүйек арасында өткізіледі. Тіркелген қатысушылардың электронды почталарына тіркелгендігі туралы мәлімет және сайыс ережелері жіберіледі.
3.2. 28 қыркүйек күні, сағат 9:00-де Сайыс Ұйымдастырушылары кадрда орын алу керек үш заттың және фильмде айтылу керек сөзді (сөйлемді) жариялайды.
3.3. Берілген мәліметтерді қолдана отырып (3.2), Қатысушы өзінің 5 адамнан аспайтын тобымен (актерларды қоспағанда), 30 сағат ішінде қысқа метражды фильмді түсіріп, 29 қыркүйек сағат 15:00-ге дейін электронды тасығышпен Ұйымдастырушыларға тапсыруы қажет.
3.4. Қазылар алқасы үздік фильмдерді келесі жанрда номинацияларды анықтайды:
★ ҮЗДІК ФИЛЬМ
★ ҮЗДІК ДРАМА
★ ҮЗДІК КОМЕДИЯ
★ ҮЗДІК ТРИЛЛЕР
★ ҮЗДІК ДЕТЕКТИВ
★ ҮЗДІК ХОРРОР
★ ҮЗДІК ЭКШН
★ ҮЗДІК МЮЗИКЛ
★ ҮЗДІК МЕЛОДРАМА
★ ҮЗДІК ФАНТАСТИКА
★ ҮЗДІК ОПЕРАТОРЛЫҚ ЖҰМЫС
★ ҮЗДІК СЦЕНАРИЙ
★ ҮЗДІК МОНТАЖ
★ ҮЗДІК ДЫБЫС МОНТАЖЫ
★ ҮЗДІК АКТЕР
★ ҮЗДІК АКТРИСА
3.5. Сайыс Ұйымдастырушылары белгіленген номинацияларда лайықты фильм болмаған жағдайда марапаттамауға құқылы.
3.6. Барлық жол шығындары, тамақ және қалу ақысы Қатысушы тарапынан төленеді.

4. САЙЫС ФИЛЬМДЕРІНЕ ТАЛАПТАР

4.1. Фильм ұзындығы 4 минуттан аспауы тиіс (Видеозаставканы санамағанда).
4.2. Фильмді қазақша , ағылшынша, орысша және түрікше түсіруге болады. Ағылшын немесе орыс тілінде субтитрленген аудармамен қамтамасыз ету құпталады.
4.3. Видео ішінде фильм аты және қатысқан адам аттары титрмен көрсетілуі керек.
4.4. Сайыстық жұмыста жарнамалық, анайы көріністер , экстремизм, зорлық-зомбылық, агрессия, гендер, жас және т.б. негізделген кемсітушілік, нәсілдік, діни немесе этникалық жеккөрушілікке шақырылған бейнелер, әдепсіз тіл (анайы сөздер), есірткі/ішімдік қолдану үрдістерін көрсету, сондай-ақ жалпы адамгершілік пен мораль нормаларына сәйкес келмейтін кескіндер болмауы тиіс.
4.5. Қабылданатын видео форматы: .MOV; .MP4; .AVI; .MKV және Full HD (1920х1080). Файл өлшемі 500 Мб. аспауы керек.
4.6. Қатысушы өз жұмысында құқығы жоқ фильм үзінділерін, постер және басқа материалдарды қолданбағаны абзал.
4.7. Ұйымдастырушылармен келісіп, рұқсат алмайынша Сайыстық жұмыстарда қандай да бір брэнд немесе тауар атауын қолдануға тыйым салынады.
4.8. Фестивальдың видео кіріспесін жүктеп, фильм басына орналастыру қажет (жүктеп алу сілтемесі қатысушыларға жіберіледі)

5. ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ

5.1. Жеңімпаз командалар Ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар және грамоталармен марапатталады.

6. ҚОСЫМША

6.1. Қатысушы Сайыстық жұмысты жібергеннен бастап, фильмге тиесілі барлық құқықты Ұйымдастырушыларға тапсырады.
6.2. Қатысушы Сайысқа қатыса отырып, Сайыстың барлық ережелерімен келіседі және орындауға міндеттенеді. Егер Қатысушы ережені бұзған болса немесе жеңіске жету жолында алаяқтық жасаса/алдаса, сыйлық алу құқығынан айырылады.
6.3. Ұйымдастыру алқасының шығарған шешімі соңғы әрі нақты болып табылады және қайта қарастыруға жатпайды.
6.4. Ұйымдастыру алқасы Сайыс Ережелерін алдын ала келісім немесе ескертусіз өзгертуге және толықтыруға құқылы.
6.5. Ұйымдастырушы Қатысушының интеллектуалдық қызмет нәтижелерін (қысқаметражды фильмдерді) мерзімсіз және өз қалауынша және кез келген нысанда, авторларына, сондай-ақ кадрға түскен тұлғаларға ақшалай өтемақысыз пайдалануға құқылы.
6.7. Қатысу туралы өтініш беру арқылы Қатысушы аталған барлық ережелерді ұстануға және орындауға келіседі.

Просмотров страницы: 45

Серіктестер