Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз!

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

Үміткерге

«Білім-инновация» лицейлеріне қабылдау ережесі 

I Жалпы ережелер

  1. Осы  Ереже Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» Заңының  26-бабы  2-тармақшасына,  Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №127 қаулысымен бекітілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына сәйкес әзірленген, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын  іске асыратын    меншіктік нысаны мен ведомстволық бағыныштылығынан тыс білім беру мекемелеріне  қабылдау тәртібін белгілейді.
  2. Лицейге түсетін жылы Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбын бітірген балалар қабылданады.

II Қабылдау ерекшелігі

Оқушыларды  қабылдауды ұйымдастыру және түсу емтихандарын өткізу мақсатында орталық қабылдау комиссиясын  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен Астана қаласында, 2003 жылы 17 наурызда   жасалған    «Қазақстан  Республикасындағы  қазақ-түрік оқу орындарының  білім беру  саласындағы ынтымақтастығы туралы келісім» шеңберінде әрекет ететін «Білім-инновация»Халықаралық қоғамдық қоры (бұрынғы «КАТЕV» Халықаралық қоғамдық қоры) белгілейді.

III Құжаттарды қабылдау тәртібі

  1. Үміткерлерден құжаттарды қабылдау үшін лицей директорының бұйрығымен саны 5 адам, лицей педагогтары мен мамандарынан тұратын  қабылдау комиссиясы құрылады.
  2. Құжаттарды қабылдау мерзімі мен орнын, сондай-ақ, конкурс кезеңдерін өткізу мерзімін қабылдау комиссиясы белгілейді.
  3. Лицейге түсуге конкурсты іріктеуге қатысу үшін үміткер келесі құжаттарды тапсырады:

1)    конкурсқа қатысу үшін  өтініш;

2)    үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;

3)    үміткердің оқу орнынан анықтама (2-ші кезеңге өткен жағдайда)

IV Конкурсты өткізу тәртібі

  1. Үміткерлерді іріктеу ойлау қабілетінің деңгейін анықтау арқылы конкурс негізінде өткізіледі.
  2. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарын Ережеге сәйкес тапсырған үміткерлер жіберіледі.

Конкурс  2 кезеңнен тұрады.

  1. Бірінші кезеңде математика мен логика – 40 сұрақ , қазақ тілі – 10 сұрақ, Қазақстан тарихы – 10 сұрақ бойынша кешенді тестілеу өткізіледі.
  2. Тест 60 сұрақтан тұрады. Белгіленген төрт қате жауап бір дұрыс жауапты жояды. Қалған дұрыс жауаптары   1,5-ға көбейтіледі.
  3. Тестілеу бойынша 60 сұрақтан тұратын емтихан тапсырмаларын орындауға 100 минут беріледі.

Емтихан материалдарын  тарату  мен жауап парағының  қызметтік секторларын  толтыруға,  дәрісханадағы тәртіп ережесін түсіндіруге кеткен уақыт тестілеуге  берілген   жалпы  уақытқа  кірмейді.

  1. Тестілеу кезінде қағаз  нұсқалар  қолданылады.
  2. Тестілеу кезінде қағаз нұсқасын қолданғанда үміткерге сұрақ кітапшасы, жауап парағы беріледі. Үміткер қажетті есептерді  сұрақ кітапшасында орындайды, дұрыс жауаптар жауап парағына енгізіледі.
  3. Бірінші кезең аяқталған соң қабылдау комиссиясы жауап парақтарын орталық қабылдау комиссиясына жібереді.
  4. Тестілеу нәтижесін тексеруді орталық конкурстық комиссия мүшелері жүргізеді, бұл ретте нәтижелері тек жауап парақтарынан ғана саналады, сұрақ кітапшалары қаралмайды.
  5. Конкурстың бірінші кезеңінің нәтижесі тестілеу аяқталғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қабылдау комиссиясы жариялайды.
  6. Конкурстың екінші кезеңі бірінші кезең өткен соң өткізіледі. Конкурстың екінші кезеңін өткізу мерзімін қабылдау комиссиясы белгілейді.
  7. Конкурстың екінші кезеңіне бірінші кезең қорытындысы бойынша  жоғары балл жинаған  үміткерлер жіберіледі  (рейтинг бойынша).
  8. Екінші кезеңде математика мен логика – 55 сұрақ, қазақ тілі – 10 сұрақ, Қазақстан тарихы – 10 сұрақ бойынша  тестілеу өткізіледі.

Тест 75 сұрақтан тұрады. Белгіленген төрт қате жауап бір дұрыс жауапты жояды. Қалған  дұрыс жауаптары   1,5-ға көбейтіледі.

  1. Екінші кезең тапсырмаларын орындауға берілетін уақыт -120 минут.
  2. Екінші кезең аяқталған соң қабылдау комиссиясы жауап парақтарын орталық қабылдау комиссиясына жібереді.
  3. Тестілеу нәтижесін тексеруді орталық конкурстық комиссия мүшелері жүргізеді, бұл ретте нәтижелері тек жауап парақтарынан ғана саналады, сұрақ кітапшалары қаралмайды.
  4. Екінші кезеңнің нәтижелері тестілеу өткізілген соң бес күнтізбелік күннен кейін хабарланады.
  5. Лицейге қабылданған оқушылардың тізімі апелляция жұмыстары аяқталған соң жарияланады.

V Конкурс  нәтижелерiн қайта қарау тәртібі

  1. Үміткер конкурс тапсырмаларының  нәтижесімен келіспеген жағдайда, тестілеудің  қорытындысы хабарланған соң  бір күн ішінде  апелляциялық комиссияға  шағым жасауға құқылы.
  2. Төмендегі сұрақтар бойынша шағым қабылданбайды:
  • байқау тапсырмаларының мазмұны мен құрылымы бойынша;
  • байқау тапсырмаларын орындау кезінде үміткердің  қойылған тәртіп  ережелерін бұзуына  байланысты;
  • тестілеу кезінде үміткердiң жауап парақтарының бланкілерін дұрыс толтырмаған жағдайда.
  1. Апелляция барысында конкурс тапсырмалары қорытындысының дұрыс бағалануы тексеріледі.  Емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
  2. Апелляциялық комиссия конкурс тапсырмаларының нәтижесін өзгерiссiз қалдыру  немесе  өзгерту туралы шешiм қабылдайды, үміткерге  не себепті ұпай қосылғандығы  туралы конкурстық  комиссияға  ұсыныс енгiзедi және апелляция қорытындысы туралы апелляцияға өтініш берген тұлғаларға хабардар етеді.

VI «Білім-инновация» лицейлеріне оқушы қабылдау тәртібі

«Білім-инновация» лицейлеріне қабылданатын үміткерлер тізімі  қабылдау комиссияның хаттамасы негiзiнде БИЛ директорының бұйрығымен бекітіледі.

VII Резервтік тiзiмді жасау және  резервтегi тiзiмнен  үміткерлерді

лицейге қабылдау тәртібі

  1. Қажетті балл санын жинаған, бірақ  бос орын болмауына байланысты БИЛ-ге  қабылданбаған  үміткерлер, оқу жылының басталу қарсаңында  бос орын болған жағдайда оқуға  тарту мақсатында қабылдау бойынша орталық комиссия бекітетін  резервтік тізімге енгізіледі.
  2. Конкурстық іріктеуді өткізуде  немесе  резервтік  тізімнен үміткерді анықтауда  егер  де оқушының лицейге қабылдау үшін ұпай сандары  бірдей болған жағдайда   төмендегі басымдықтар бойынша бағаланады:
  • республикалық және халықаралық пәндік олимпиадалар, спорттық жарыстар мен шығармашылық байқаулардың  жеңімпаздары;
  • екі кезеңнің қорытындысы  бойынша ең жоғары  балл  жинаған.
  • ауыл тұрғындары.

VIII Қорытынды ереже

  1. Негізгі Ережеде ескерілмеген сұрақтарды Қазақстан Республикасының бекітілген iшкi құқықтық актiлерi мен қолданыстағы заңнамасына сәйкес  жұмыс ұйымы шешеді.

 

Kabyldau_emtihan ulgisi

Kabyldau_emtihany 2-turdyn_ulgisi

test suraktar

Просмотров страницы: 2421

Серіктестер