Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

Саматов Абылай Маранұлы

Саматов Абылай Маранұлы

 

Қарағанды облысы әкімінің білім саласындағы сыйлығы:

«Үздік педагог 2017»

 

Педагогикалық мінездеме

Саматов Абылай Маранұлы білімі жоғары, жоғары санатты ұстаз. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің химия факультетін 2011жылы бітірген.

2011 жылдан бастап «№ 1 «Білім-инновация» лицей-интернатында химия пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарып отыр. Осы уақыт аралығында білімді жас маман практикалық тәжірибе жинақтап, кәсіби біліктілігін жетілдіріп, ізденіспен жұмыс атқарды.

А.Саматов жыл сайын ББЖ  ҚБАРИ мен «Білім-инновация» ХҚҚ, «Өрлеу» Ұлттық орталығының, облыстық МББҚБА ҚДИ-дың біліктілік арттыру  және оқу-әдістемелік курстарынан өтіп, өзінің кәсіби деңгейін үнемі жетілдіріп отырады. 2012 жылы «Өрлеу» БА ҰО-да үшінші (базалық) деңгейлік бағдарламасы бойынша 3 айлық курстан өтіп, сертификатталды.

Жаңашыл ұстаз сабақ сапасына, оқыту нәтижесіне бірінші кезекте мән бере отырып, әр түрлі озық технологияларды пайдаланады. Білімді жас маман практикалық тәжірибе жинақтап, кәсіби біліктілігін жетілдіріп, ізденіспен жұмыс атқарды. 8-11 сыныптарда химияны оқытуда тиімді интерактивтік технологияларды қолдана білді. Химия пәні бойынша білім сапасы: 2015 жылы – білім сапасы 95,4 пайыз, 2016 жылы – білім сапасы 97,5 пайыз, үлгерім сапасы 100 пайыз болды.

2012-2017 жж. ұстаз «Білім-инновация» ХҚҚ-ның пәндік сынағында алдыңғы орындарға ие болып жүр.

Оқу – тәрбие жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында дарынды оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, ғылыми-практикалық конференцияларға баулу, оқушыларды облыстық, аймақтық, республикалық, халықаралық олимпиадаларға дайындауда қолдау көрсетіп отырды.

Абылай Маранұлы 2015 жылдан бері Павлодар қаласында өтетін академик Ә.Б.Бектұров атындағы Халықаралық химия олимпиадасының қазылар алқасының мүшесі және олимпиада есептерін құрастырушысы.  

Академик Ә. Бектуров атындағы Халықаралық химия олимпиадасына оқушылары жыл сайын қатысып алдыңғы орындарда келеді. Атап айтсақ: 2015, 2016 жылдары 11 сынып оқушысы М.Тишқұл «Алтын», 9 сынып оқушылары Д.Дюсембаев 2016 жылы қола, 2017 жылы күміс; 2017 жылы О.Нурпейсов қола жүлделермен марапатталды.

Абылай Маранұлы сыныбындағы қабілеті жоғары оқушылардың білімге деген қызығушылығын қарқынды дамытудың, терең ойлау қабілетінің белсенділігін арттыруда жүйелі, жоспарлы жұмыстар жүргізудің нәтижесінде, жыл сайын Москва қаласында өтетін Д.И.Менделеев атындағы Халықаралық химия олимпиадасында Тишқұл Мұрат 2015 жылы қола жүлде алса, 2016 жылы «Күміс» жүлдеге ие болды.

Жыл сайын Саха Республикасының Якутия қаласында өтетін оқушылардың Халықаралық «Туймаада» химия олимпиадасында 2017 жылы 9 сынып оқушылары Нурпейсов Олжас куміс жүлде, Абабаев Ерслан қола жүлде иегері атанды.

Сонымен қатар, оқушылары жалпы білім беретін  пәндер бойынша республикалық пән олимпиадасында  2014 жылы күміс жүлде -1 (9 сынып); 2015 жылы алтын жүлде -1 (10 сынып); 2016 жылы алтын жүлде -1 (11 сынып), күміс жүлде – 1 (9 сынып); 2017 жылы алтын жүлде – 1 (9 сынып), қола жүлде – 2 (9,10 сынып) марапатталды.

Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес, «Іс- тәжірибемізбен бөлісеміз» атты облыстық жоба аясында «Жаратылыстану пәндері сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында өткен облыстық семинарда 8 сыныпта химия пәнінен ашық сабақ өткізді.

«Білім-инновация» ХҚҚ-ы жаратылыстану пәндері бойынша ағылшын тілінде кітаптар дайындаудағы әдістемелік бірлестік мүшесі, химия пәнінен ағылшын тіліндегі кітаптың авторы.

Ұстаз оқушылар мен ата-аналар, әріптестер арасында өте сыйлы беделді. Тәжірибелі мұғалім Саматов Абылай Маранұлы білім жүйесіндегі шығармашылық еңбегі және жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін Қазақсатан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен, «Білім-инновация» ХҚҚ-ның Алғыс хатымен, Қарағанды облысы білім басқармасының Алғас хатымен, «Сарыарқа дарыны» АҒӘО-ның Құрмет грамоталарымен марапатталды.

 

Саматов Абылай Маранұлының соңғы үш жылдағы жетістіктері

 

Мерзімі

 

           Іс-шара

 

Өткізілу

 түрі

Нәтижесі

 

Деңгейі

 

2015-2017 жж. Бектуров атындағы халықаралық химия олимпиадасы олимпиада Әділқазылар алқасы халықаралық
2016-2017 жж. Қазақ-түрік лицейлері арасындағы мұғалім емтиханы Емтихан-тест ІІІ дәрежелі диплом республикалық
2016 ж. CTS Mentoring “Educational leadership” Курс Сертификат халықаралық
2016 ж. CTS STEM Education “CLIL teacher trainer” Курс сертификат халықаралық
2017 ж. «Қостілді оқулық» Chemistry 8 кітабінің авторы Кітап жазу республикалық

 

Оқушылардың соңғы үш жылдағы жетістіктері:

Р/с Оқу жылы Оқушының қатысқан іс-шарасы Жүлделі орны, деңгейі
1. 2014-2015 жж Респбуликалық пән олимпиадасы 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медальдар, республикалық
2. 2014-2015 жж Халықаралық Бектуров атындағы химия олимпиадасы 1 алтын, 1 қола, халықаралық
3. 2014-2015 жж Халықаралық Менделеев олимпиадасы 2 қола, халықаралық
4. 2015-2016 ж Республикалық пән олимпиадасы 1 алтын, 1 күміс, 1 қола, республикалық
5. 2015-2016 ж Халықаралық Бектуров атындағы химия олимпиадасы 1 алтын, 1 қола, халықаралық
6. 2015-2016 ж Халықаралық Менделеев олимпиадасы 1 күміс, халықаралық
7. 2015-2016 ж Халықаралық «Туймаада» олимпиадасы 1 қола, халықаралық
8. 2015-2016 ж Халықаралық Сәтпаев атындағы олимпиадасы 1 қола, халықаралық
9. 2016-2017ж Республикалық пән олимпиадасы 1 алтын, 3 қола, республикалық
10. 2016-2017 ж Халықаралық Бектуров атындағы химия олимпиадасы 1 күміс, 1 қола, халықаралық
11. 2016-2017 ж Халықаралық «Туймаада» олимпиадасы 1 күміс, 1 қола, халықаралық
12 2015-2016 ж КАТЕВ білім олимпиадасы 1 алтын, 2 күміс, 1 қола, республикалық
13 2016-2017 ж ҚБО олимпиадасы 2 күміс, 1 қола, республикалық

 

 

2014-2015 жж

 

1. Сарсенбаев Дарибек

11-сынып

Республикалық Қола медаль Орал  2015 ж
2. Тишқұл Мұрат

10-сынып

Республикалық Алтын медаль Орал  2015 ж
3. Алтаев Нурсултан

9-сынып

Республикалық Қола медаль Орал  2015 ж
4. Сарсенбаев Дарибек

11-сынып

Халықаралық Қола медаль Армения, Ереван  2015 ж
5. Тишқұл Мұрат

10-сынып

Халықаралық Қола медаль Армения, Ереван  2015 ж

 

2015-2016 жж

 

1. Тишқұл Мұрат

11-сынып

Республикалық Алтын медаль Көкшетау 2016 ж
2. Дюсембаев Дамир

9-сынып

Республикалық күміс медаль Көкшетау  2016 ж
3. Алтаев Нурсултан

10-сынып

Республикалық сертификат Көкшетау  2016 ж
4. Нурпейсов Олжас

8-сынып

Республикалық сертификат Көкшетау  2016 ж
5. Дюсембаев Дамир

9-сынып

Халықаралық Қола медаль Якутск қ.  2016 ж
6. Тишқұл Мұрат

11-сынып

Халықаралық Күміс  медаль РФ, Мәскеу  2016 ж
7. Тишқұл Мұрат

11-сынып

Халықаралық Алтын  медаль Павлодар  2016 ж
8. Алтаев Нурсултан

10-сынып

Халықаралық Қола медаль Павлодар  2016 ж
9. Нурпейсов Олжас

8-сынып

Халықаралық Қола медаль Баянауыл 2016 ж

2016-2017 жж

 

1. Нурпейсов Олжас

9-сынып

Республикалық Алтын медаль Павлодар 2017 ж
2. Дюсембаев Дамир

10-сынып

Республикалық Қола медаль Павлодар 2017 ж
3. Алтаев Нурсултан

11-сынып

Республикалық Қола медаль Павлодар 2017 ж
4. Абабаев Ерслан

9-сынып

Республикалық Қола медаль Павлодар 2017 ж
5. Нурпейсов Олжас

9-сынып

Халықаралық Қола медаль Павлодар 2017 ж
6. Дюсембаев Дамир

10-сынып

Халықаралық Күміс медаль Павлодар 2017 ж
7. Абабаев Ерслан

9-сынып

Халықаралық Сертификат Павлодар 2017 ж
8. Абабаев Ерслан

9-сынып

Халықаралық Қола медаль Якутск қ. 2017 ж
9. Нурпейсов Олжас

9-сынып

Халықаралық Күміс  медаль Якутск қ. 2017 ж

 

 

Педагогикалық-әдістемелік қызметінің жетістіктері

 

2012 жылы «ҚР педагог қызметкерлерінің үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру» курсынан өтті.

2015-2017 жж. екі жыл қатарынан KATEV ХҚҚ қазақ-түрік лицейлерінің мұғалімдері арасында пәндік емтиханда жүлделі 3-ші орын алды.

2013 жылы. «Білім беру ұйымында оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудағы инновациялар» курсынан өтті.

2015-2017 жж. Халықаралық Бектұров атындағы олимпиадасының әділқазылар алқасының мүшесі және сұрақтардың қурастыруышысы.

2016 жылы Қарағанды облысы білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты Химия пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту курсынан өтті

2014-2015 оқу жылында «Инновациялық білім беруде деңгейлік курс бағдарламасын меңгеру тәжірибесімен бөлісудің тиімділігі» тақырыбында өткен облыстық семинар аясында коучинг сабағын өткізгені үшін СЕРТИФИКАТ алды.

 

Просмотров страницы: 101

Серіктестер