Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

Ермуханова Хадиша Кенжегулқызы

Жұмыс орны: Алматы қаласы, «Мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-лицей-интернаты» КММ

Мамандығы: Тарих және қоғамдық пәндер мұғалімі

Жоғары білімі: 1982 жылы Алматы қаласындағы С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетінің тарих факультетін аяқтап, тарих және қоғамдық пәндер оқытушысы мамандығын алып шықты.

Атақтары: Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин атындағы төс белгі иегері, ҚР Тарих және қоғамдық ғылымдар Академиясының академигі, 40 жыл өмірін ҚР-ның білім беру саласын дамытуға арнаған әдіскер- ұстаз

Еңбек жолы: Ақтөбе облысы, Октябрьск қаласындағы орта мектепте басталып, 1985 жылдан Көкшетау қаласындағы облыстық мектеп-интернатында жалғасты.1992-2004 жылдары Көкшетау қазақ-түрік лицейінде Қазақстан тарихы, география, экономика және қоғамдық пәндер мұғалімі болып еңбек етті. Осы аталған лицейде директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары болып абыройлы қызмет етті.

1997-2003 жылдары Көкшетау қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік университетінің тарих факультетінде оқытушылық қызметті қоса атқарды. Бұл қызметінде оқытушылар арасында рейтингтік көрсеткіштен ең жоғары балдық деңгей көрсетіп, ректор тарапынан Алғыс Хатпен марапатталды. Университет пен мектеп арасындағы іс-шараларды орындауға белсене қатысқаны үшін ректорат атынан екінші рет Алғыс Хатпен марапатталды.

2004 жылы КАТЕV» Халықаралық қоғамдық қорына қоғамдық пәндер бірлестігінің бас маманы қызметіне шақырылып, Алматы қаласындағы қазақ-түрік лицейінде тарих және қоғамдық пәндер мұғалімі қызметін қоса атқарды.

Олимпиада жетістіктері: «Оқушының ойлау қабілетін арттыра отырып, өзіндік ғылыми дүниетанымын қалыптастыру» ұстанымымен жұмыс істеп, оқушыларының өз пәніне деген қызығушылығын туғыза біліп, пән олимпиадасына көптеген шәкірттерін тарта білді. Ұстаз еңбегінің жемісі республикалық, облыстық, қалалық пән олимпиадаларынан айқын көрініп келеді. Шәкірттері 1996-2014 жылдары аралығында Қазақстан тарихы, география, экономика пәндерінен қалалық, облыстық, республикалық олимпиадалардың жүлдегері атанды.

1998-1999 және 1999-2000 оқу жылында Хадиша Кенжеғұлқызының шәкірттері, Көкшетау қазақ-түрік лицейінің оқушысы Алпысов Жандос 10-11 сыныптарда 2 жыл қатарынан Республикалық пән олимпиадасының абсолютті жеңімпазы атанса, Көкшетау облыстық мектеп-интернатының оқушысы Кенжеғалиева Әсел де 2 жыл қатарынан Республикалық пән олимпиадасында 2-орынды иеленіп, мектепті «Алтын Белгімен» бітірді. Алпысов Жандос Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевпен және Білім Министрі Қ. Көшербаевпен кездесу құрметіне ие болды.

2010 жылы 11сынып оқушысы Божбанбай Асхат қалалық олимпиадада Қазақстан тарихы бойынша 1-орын алды. Осы жылы қалалық ғылыми жоба жарысында оның оқушылары «Жас зерттеуші» номинациясы бойынша Құрмет грамотасымен марапатталды.

2010 – 2014 жылдар аралығында оқушылары Қазақстан тарихынан қалалық олимпиада және ғылыми жоба жарыстарында жүлделі орындар иеленді.

Өз тәжірибесін тарату: Хадиша Кенжеғұлқызы Республикалық және Алматы қалалық мұғалімдер білімін жетілдіру институттарындағы арнайы курстарға және жыл сайын «КАТЕV» халықаралық қоғамдық қоры ұйымдастыратын семинарларға қатысып, білімі мен біліктілігін арттырып отырады.

2006-2013 жылдары аралығында Республика мұғалімдеріне арнап ашық сабақ өткізіп, дәрістер оқып, әдістемелік іс-шаралар ұйымдастырды. 2012 жылы республика көлемінде теледидардан «Алтын Орда» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Тарих сабағын оқытудың әдістемелері жөніндегі мақалалары республикалық ғылыми-әдістемелік басылымдар – «Қазақ тарихы» және «Қазақстан тарихы» журналдарында жарияланып отырады. Хадиша Кенжеғұлқызы «Қазақ тарихы» республикалық ғылыми-әдістемелік журналының ақылдастар алқасының мүшесі болды.

Хадиша Кенжеғұлқызы қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық семинар-конференцияларға қатысып, баяндамалар жасап, тәжірибе бөлісіп отырады. Ғылыми ізденіс жолында 2001 жылы «Шоқан тағылымы-6» атты халықаралық ғылыми – практикалық конференцияға қатысып, мақалаларын жазды. 2009 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдарының «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыруға қосқан үлесі: жетістіктері және даму бағыттары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда баяндама жасады. 2011 жылы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткізілген «Академик Т.С.Садықов және оның Қазақстан білімінің дамуындағы атқарған рөлі» атты қалалық ғылыми-теориялық конференцияға қатысып, баяндама оқыды. 2014 жылы Мемлекет тарихы институты ұйымдастырған «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы аясында Отан тарихы ғылымын зерделеу» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда баяндама жасады.

Семинар: Хадиша Кенжеғұлқызы әр сабағына жауапкершілікпен қарап, жоғары деңгейдегі әдістемелік, білімдік негізде өткізеді. 2008 жылы 25 сәуірде Алматыда өткізілген республикалық оқу-әдістемелік семинар Ермуханова Хадишаның озық іс – тәжірибесін таратуға арналды.

ҰБТ-ның қорытындысы: Ұстаз еңбегінің нәтижеcі жыл сайынғы оның шәкірттерінің жоғары оқу орындарына түсуі болып табылады. ҰБТ-ның қорытындысы бойынша оқушылары Қазақстан тарихынан жыл сайын жоғары білім сапасын көрсетіп келеді. Көптеген оқушылары Қазақстан тарихынан ең жоғары көрсеткіш жинап, үлкен нәтижеге жетті.

Жариялымдары: Хадиша Кенжеғұлқызы оқушыларын Отан сүйгіштік, патриоттық сезімде тәрбиелеуге көп көңіл бөледі. Осы түйінді мәселелерін республикалық, облыстық баспасөз беттерінде жариялаған «Ұрпақтың ұлттық келбетін жаңғырту», «Тарихты тамырынан тану» т.б.мақалалары арқылы көрсете білді. Қазақ-түрік лицейінің 2001 жылғы түлектерінің Түркиядан жазған хаты ұстаздың осы тәрбиелік еңбегінің айғағы болып табылады.

Көпжылдық педагогикалық тәжірибесіне сүйене келе, әдістемелік ұстанымдарын қолдана отырып, «КАТЕV» Халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен қазақ-түрік лицейлерінің жоғары сынып оқушыларына арнап, Қазақстан тарихынан оқулық – тест жазып шықты. Бұл шығармашылық еңбегі жоғары оқу орындарына түсуші талапкерлер көңілінен шығып, республика көлемінде үлкен сұранысқа ие болды.

2004 жылдан бастап «Шың» баспасынан шыққан бұл оқулық-тесті республика мектептерінің мұғалімдері мен оқушылары да кеңінен пайдалануда.

Бұдан кейінгі жылдары да Ермуханова Хадиша ұстаздық еңбегімен қоса, шығармашылық ізденісте бірнеше кітап пен бағдарлама жазып шықты.

1.Қазақстан тарихы. Оқулық – тест. Шың баспасы. Алматы, 2004 -2011 жылдар.

2.Қазақстан тарихы. Тестілер жинағы. Шың баспасы. Алматы, 2007 жыл.

3.Қазақстан тарихы бойынша нақты деректер. Шың баспасы. Алматы, 2007 жыл.

4.«Бабалар тарихы-асыл қазына» бағдарлы курстарға арналған авторлық бағдарламасы. Алматы, 2007 жыл.

5.Қазақстан тарихы. Электронды оқулық. WIKIBILIM қоғамдық қоры, Алматы,2012 жыл.

6. Дінтану негіздері. Оқу-әдістемелік құралы. Алматы, 2013 жыл.

7. Қазақстан тарихы. Тестер мен лекциялар жинағы. Алматы, 2014-2018 жылдар.

Конфренция: 2018 жылы мамыр айының 4-жұлдызында Алматы қаласы Білім басқармасының «Мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-лицей-интернаты» КММ-да Ермұханова Хадиша Кенжеғұлқызының 60 жасқа толған мерейтойы құрметіне «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ»  Халықаралық қоғамдық қоры, «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ тарих-география пән бірлестігі мен Ақсай БИЛ ұйымдастыруымен «Ермұханова оқулары: тарих және қоғамдық пәндерді оқытудың инновациялық әдістемелері мен тәжірибелері» атты республикалық ғылыми-методологиялық конференциясы өткізілді.

Конференция жинағына 3 ғылым докторы, 2 ғылым кандидаты, 4 магистр,  30-ға жуық ұстаз бен   4 оқушының материалдары жарияланды.

Түйіндеме

1. Мұғалімнің аты-жөні: Ермуханова Хадиша Кенжегулкызы

2.Туған жылы, айы: 03.05.1958.

3. Білімі: жоғары

4. Санаты : жоғары деңгейлі

5. Жұмыс орны: Мамандандырылған Білім – инновация лицейі

6. Бітірген оқу орны, жылы: С.М.Киров атындығы мемлекеттік университеті, 1982 жыл

7. Мамандығы : тарих және қоғамтану пәнінің оқытушысы

8. Педагогикалық өтілі: 40 жыл

9. Жазған оқу- әдістемелік құралдары:

1.Қазақстан тарихы. Оқулық – тест. Шың баспасы. Алматы, 2004 -2011 жылдар.

2.Қазақстан тарихы. Тестілер жинағы. Шың баспасы. Алматы, 2007 жыл.

3.Қазақстан тарихы бойынша нақты деректер. Шың баспасы. Алматы, 2007 жыл.

4.«Бабалар тарихы-асыл қазына» авторлық бағдарламасы. Алматы, 2007 жыл.

5.Қазақстан тарихы. Электронды оқулық. WIKIBILIM қоғамдық қоры, Алматы,2012 жыл.

6. Дінтану негіздері. Оқу-әдістемелік құралы. Алматы, 2013 жыл.

7. Қазақстан тарихы. Тест сұрақтары мен лекциялар жинағы. Алматы, 2014-2017 жылдар.

10. БАҚ-да жарияланған мақалалары(«Қазақ тарихы »ғылыми-әдістемелік және «Қазақстан тарихы» әдістемелік журналдары):

1. Тарихты тамырынан таныту

2. Мен неге оқулық жаздым?

3. Тарих пәнін оқыту сапасын жақсарту жолындағы ізденіс

4. Білім беруді нәтижеге бағыттау тәсілдері

5. Қазақстан тарихы – отаншыл ұрпақты тәрбиелеу құралы

6. ҰБТ-ға дайындауда озық және интерактивті әдістерді қолдану

7. Ұрпақтың ұлттық келбетін жаңғырту

11. Марапаттаулары мен жетістіктері: Қ.Р. білім беру ісінің үздігі (2000ж), Ы.Алтынсарин медалінің иегері (2014ж), тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі (2014ж), Қ.Р. тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мерекелік медалі (2011ж), «КАТЕV-20 жыл» мерейтойлық медалі (2013ж), Әуезов аудандық білім бөлімінің Құрмет грамоталары (2008,2011ж), «КАТЕV» Халықаралық қоғамдық қорының Алғыс хаттары, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Құрмет грамотасы (2009ж), Абай атындағы Қазақ ҰПУ Мадақтамалары (2008,2011ж), ББЖИБАРИ Алғыс хаты (2010ж), ҚББЖМБЖҚДИ Алғыс хаты (2012ж), «Қазақ тарихы» республикалық ғылыми-әдістемелік журналының Мақтау қағаздары (2009,2013ж), «Қазақстан тарихы» әдістемелік журналының Мақтау қағазы (2013ж), Мемлекет тарихы институтының Алғыс хаты (2014ж), ҚББЖТО Мадақтамалары (2012, 2014ж ). Алматыда өткізілген республикалық оқу-әдістемелік семинарда озық іс – тәжірибесі таратылды (2008ж). Республика көлемінде теледидардан ашық сабақ өткізді (2012ж). Шәкірттері аудандық, қалалық, республикалық білім олимпиадалары мен ғылыми жоба жарыстарының жеңімпаздары.

Просмотров страницы: 40

Серіктестер