Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
басты бетке

Талапкерге

«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар

1. Жалпы Ережелер

1. Осы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілігінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығымен бекітілген  Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылы 19 шілдедегі №289 бұйрығымен бекітілген Мамандандырылған білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес әзірленді.

2. «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі білім беру ұйымдарына (бұдан әрі- БИЛ) түсуге ниет білдіруші үміткерлер – Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін білім беру ұйымының 6-шы сынып оқушылары (бұдан әрі-Үміткерлер) бола алады.

2. Құжаттарды қабылдау тәртібі

3.  Облыстарда және Астана, Алматы, Шымкент қалаларында балаларды 7 сыныпқа қабылдау конкурсын өткізу үшін БИЛ директоры бұйрығымен саны – 5 адам, лицей педагогтары мен мамандарынан тұратын қабылдау комиссиясы құрылады.

4. БИЛ құжаттарды қабылдау мерзімі мен орнын, сондай-ақ, БИЛ-ге оқуға қабылдаудағы конкурс (бұдан әрі-Конкурс) кезеңдерінің мерзімдерін Қордың әдістемелік нұсқаулықтарымен сәйкес БИЛ қабылдау комиссиясы белгілейді.

 5. Қабылдау конкурсының екі турын ұйымдастыру үшін «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қоры (бұдан әрі-Қор) президентінің бұйрығымен саны – 5 (бес) адам, Қор басшылығы, әдіскерлер және Қор мамандарынан тұратын жұмыс тобы құрылады.

6. Конкурсқа қатысу үшін төмендегі құжаттар талап етіледі.

         I кезең:

1) конкурсқа қатысу үшін өтініш;

2) туу туралы куәлігінің көшірмесі, ЖСН(ИИН);

3) 3*4 фотосурет (2 дана);

          II кезең:

  1. оқу орнынан анықтама;

 6.1 Бекітілген мерзімнен кеш ұсынылған өтініш конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдаумауға негіз болып табылады.

6.2 Құжаттарды қабылдау туралы ақпарат БИЛ арнайы стендтерінде, интернет-ресурсында орналыстырылады және/немесе тиісті аумақтың (облыстың) бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

6.3. Конкурста ерекше қажеттіліктері бар (мүмкіндігі шектеулі) үміткерлер үшін, емтиханға тіркелуден бұрын тиісті құжаты бар екендігін растаса онда арнайы шарттар жасалуы мүмкін.

3. Конкурсты өткізу тәртібі

7. Қор  конкурстық емтихан материалдарды дайындау үшін  білім беру, оқыту орталықтармен , ұйымдарымен келісім-шарт жасайды. Конкурстық іріктеу тапсырмаларына қойылатын талаптар жасалатын келісім-шарттың талаптарында көрсетіледі.

7.1 Барлық қағаз және электронды емтихан материалдары авторлық құқықпен қорғалып, тек емтиханда ғана пайдаланылады.

 8.Конкурс 2 кезеңнен тұрады:

8.1. Бірінші кезеңде Үміткер 60 тесттік сұрақтардан тұратын  емтихан тапсырады.

Бірінші кезеңде:

  • Математика және логика сұрақтары– 40 сұрақ;
  • Қазақ тілі – 10 сұрақ;
  • Қазақстан тарихы – 10 сұрақ.

8.2. Емтихандағы тестілеудің қорытынды нәтижесін есептеуде белгіленген дұрыс жауаптар санының көрсеткіші – «4» (төрт) коэффициентіне көбейтіледі, бір қате жауап «-1» (минус бір) коэффициентіне көбейтіледі. Соңында жалпы қорытынды шығарылады (4*Дұрыс жауап + (-1)*қате жауап = Жалпы қорытынды ұпай).

8.3. Тестілеуге – 100 минут беріледі.

8.4. Тест материалдарын тарату, Жауап парағының қызметтік секторларын толтыру, дәрісханадағы Үміткерге қойылатын тәртіп ережесін түсіндіруге кеткен уақыт тестілеуге берілген жалпы уақытқа кірмейді.

8.5. Тестілеу кезінде қағаз нұсқалар қолданылады.

8.6. Үміткерге Сұрақ кітапшасы және Жауап парағы беріледі. Үміткер берілген тапсырмаларды Сұрақ кітапшасында орындайды, ал, жауаптарды Жауап парағына белгілейді, есептерді шығару үшін қосымша парақ берілмейді.

8.7. Конкурстың бірінші кезеңі аяқталған соң жергілікті БИЛ қабылдау комиссиясы Жауап парақтарын Қорға жібереді.

8.8. Конкурстың бірінші кезең емтиханының қорытынды нәтижесін тексеруді жұмыс тобы мүшелері жүзеге асырады, бұл ретте нәтижелер үшін тек Жауап парақтарында белгіленген жауаптар есепке алынады, Сұрақ кітапшаларында жазылған ақпарат есепке алынбайды.

8.9. Конкурстың бірінші кезеңінің нәтижесі – тестілеу аяқталған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні өткен соң қабылдау комиссиясының хабарландыру стендінде жарияланады (кешіктірілген жағдайда, алдын-ала білім беру ұйымының әкімшілігіне хабар беріледі).

9. Конкурстың екінші кезеңі. Конкурстың екінші кезеңін өткізу мерзімін облыстарда және Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы БИЛ қабылдау комиссиясы Қордың әдістемелік нұсқаулықтарымен сәйкес белгілейді.

9.1. Конкурстың екінші кезеңіне конкурстың бірінші кезеңінде қабылдау квотасы бойынша жоғары ұпай жинаған Үміткерлер жіберіледі (рейтингтік жоғары көрсеткіші ғана есепке алынады, яғни оқушының әлеуметтік жағдайы, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар болуы және т.б. жағдайлары қарастырылмайды).

         Екінші кезеңде:

  • Математика және логика сұрақтары– 55 сұрақ;
  • Қазақ тілі – 10 сұрақ;
  • Қазақстан тарихы – 10 сұрақ.

Екінші кезеңнің емтихан тапсырмалары 75 тесттік сұрақтан тұрады.

9.2. Емтихандағы тестілеудің қорытынды нәтижесін есептеуде белгіленген дұрыс жауаптар санының көрсеткіші – «4» (төрт) коэффициентіне көбейтіледі, бір қате жауап санының көрсеткіштері «-1» (минус бір) коэффициентіне көбейтіледі. Соңында жалпы қорытынды шығарылады (4*Дұрыс жауап + (-1)*қате жауап = Жалпы қорытынды ұпай).

9.3. Екінші кезең тапсырмаларын орындауға берілетін уақыт – 120 минут.

9.4. Тест материалдарын тарату, Жауап парағының қызметтік секторларын толтыру, аудиториядағы Үміткерге қойылатын тәртіп ережесін түсіндіруге кеткен уақыт тестілеуге берілген жалпы уақытқа кірмейді.

9.5. Конкурстық қабылдаудың екінші кезеңі аяқталған соң облыстық және Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы БИЛ қабылдау комиссиялары Жауап парақтарын (осы Ережеде көрсетілген ретте) Қорға жібереді.

9.6. Екінші кезеңтестілеу нәтижесін тексеруді Қордың жұмыс тобы мүшелері жүзеге асырады, нәтижелер тек Жауап парақтарынан ғана есептеледі, Сұрақ кітапшаларында жазылған мәліметтер есепке алынбайды.

9.7. Конкурстың екінші кезеңнің нәтижелері – екінші тестілеу өткізілген соң 15 (он бес) жұмыс күнінен кейін хабарланады.

4. Конкурс нәтижелерін қайта қарау тәртібі

10. Үміткер конкурстық тапсырмалардың есептеу нәтижесіне келіспеген жағдайды, Апелляциялық комиссия төрағасының атына қабылдау емтиханының нәтижелерi жарияланған соң келесi күнi сағат 10.00-ден бастап апелляцияға жазбаша түрде өтiнiш береді. Апелляциялық комиссия өтiнiшті берген күннен бастап бiр күн iшiнде сағат 17.00-ге дейiн қарастырады. Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы және облыстардағы жергілікті БИЛ-ге қабылдау комиссиясының шешімі бойынша Апелляция комиссиясының қорытындысы жарияланады.

11. Қабылдау емтихандары кезінде бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және даулы мәселелерді шешу мақсатында төрағадан және кем дегенде комиссияның екі мүшесінен тұратын Апелляциялық комиссия құрылады.

12. Аппеляциялық комиссияның құрамы   БИЛ директорының бұйрығымен бекітіледі.

13. Апелляциялық комиссия Үміткердің қабылдау емтиханының нәтижелерімен келіспеуіне байланысты арыздарын жазбаша түрде қабылдайды және қарастыруға жібереді.

14. Апелляциялық комиссияға төмендегі сұрақтар бойынша шағым қабылданбайды:

14.1. Тест тапсырмаларының мазмұны мен құрылымы бойынша;

14.2. Тест тапсырмаларын орындау кезінде Үміткерден талап етілген жалпыға бірдей міндетті тәртіп ережелерін бұзуына байланысты;

14.3. Тестілеу кезінде Үміткердің Жауап парағының бланкілерін дұрыс толтырмаған жағдайда.

15. Апелляция барысында конкурстық тесттік тапсырмалардың қорытындысының дұрыс бағалануы тексеріледі. Емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

16. Апелляциялық комиссия конкурс нәтижесін өзгерiссiз қалдыру немесе өзгерту туралы шешiм қабылдай алады.

17. Аппеляциялық комиссия Үміткерге не себепті ұпай қосылғандығы/немесе қосылмағандығы туралы Орталық конкурстық комиссияға ақпарат береді.

18. Апелляция қорытындысы туралы апелляцияға өтініш берген Үміткерге (немесе үміткердің ата-анасына немесе өкілетті тұлғаға) хабар беріледі.

5. БИЛ-ге оқушы қабылдау тәртібі

19.  БИЛ-ге оқуға қабылдау конкурсқа қатысу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

20. Конкурстық қорытынды іріктеуді өткізу уақытында екі Үміткердің ұпай сандары бірдей болған жағдайда төмендегі критерийлер бойынша мынадай санаттағы Үміткерлерге басымдылық беріледі:

  1. Республикалық және Халықаралық пәндік олимпиадалар, спорттық жарыстар мен шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары;
  2. Конкурстың екі кезеңнің қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған оқушы;
  3. Ауылдық (аудандық) елді мекен білім беру ұйымының оқушысы.

21. Конкурстық іріктеуден кейін 15 жұмыс күн ішінде негізгі және резервтік тізімдер жасалып, қабылдау комиссиясының хаттамасының шешімімен рәсімделеді.

22. Қабылданатын БИЛ сынып-комплектер санына қарай, қабылдау комиссиясы негізгі тізімді құрастырады.  Резервтік тізімге  ең жоғарғы балл жинаған үміткерлер тізімінен басқа, кему тәртібімен (10 адамнан кем емес) Үміткерлер кіргізіледі.

23. Конкурстың екінші кезеңінің нәтижесі бойынша БИЛ-ге қабылданатын  Үміткер оқудан бас тарқан жағдайда орнына қабылдау емтиханы нәтижесі бойынша келесі тұрған Үміткер шақырылады.

24. Оқуға қабылдау туралы шешім педагогикалық кенес хаттамасымен рәсімделеді және БИЛ директорының бұйрығымен бекітіледі.

8. Қорытынды ереже

25. Осы Ережеде ескерілмеген, қарастырылмаған мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық құжаттары, ішкі құқықтық актілері мен жергілікті БИЛ-дің Жарғысында қарастырылғандар бойынша шешіледі.

Просмотров страницы: 2577

Серіктестер