Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

Кіші футболдан дәстүрлі республикалық турнир

2017 жылдың 2-3 қараша күндері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында оқушылардың денсаулығын жақсарту, оқушылар арасында бауырмалдық, ұйымшылдық қарым-қатынастарын нығайту мақсатында «Білім-инновация» лицей (бұрынғы «Қазақ-түрік» лицейлері) оқушылары арасында кіші футболдан дәстүрлі республикалық турнир өтті.

    

Додаға «Білім-инновация» лицейлерінің 7-8-сынып оқушыларынан құралған 250-ден аса команданың ішінен 217 оқушы іріктеліп, ақтық бәсекенің жолдамасына ие болған жалпы саны 27 команда өзара сайысқа түсті. Ашылу салтанатына ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жалпы орта білім депаратаментінің директор орынбасары Маусымбаева Айнұр Толқынқызы, Республикалық таэквондо федерациясының вице-президенті, Пекин олимпиадасының қола медаль иегері Чилманов Арман Константинұлы, «Білім-инновация» ХҚҚ-ның президенті Дархан Өте мен президент кеңесшісі Нұрбол Төлебаев, «Білім Орда» ХҚҚ-ның вице-президенті Абдуррахман Сел қатысып, оқушыларға сәттілік тіледі.

  

 

Сондай-ақ, жарыс басталарда БИЛ оқушылары жарақатына байланысты Италияда емделіп жатқан Қазақстан құрамасының қақпашысы Давид Лорияның тез сауығып, елімізге аман-есен оралуына тілектес екендерін білдіріп, сәлем жолдады.

Бірінші күні таласқа толы ойындар қызықты да тартымды болып, жанкүйерлер тақымын қысып отырды. Нәтижесінде қарсыластарын басып озып, шаң қаптырған Астана, Павлодар, Құлсары және Атырау лицей командалары ширек финалдан топ жарып шықты.

Финалда Астаналықтардан айласын асырған Павлодарлықтар үшінші орынға табан тіресе, ауыспалы кубокқа Батыстың екі командасы – Құлсары мен Атырау  сайысқа түсті. Тартыс кезінде қарсыласына ес жиғызбаған Атырау облысы дарынды балаларға арналған Жылыой лицей интернаты (Құлсары) 5:1 есебімен жеңіске жетті де, Атырау БИЛ екінші орынды иеленді.

   

Ойын барысында қайта-қайта тынымсыз шабуыл жасап, сұрмергендігімен көзге түскен Атыраулық Аманбаев Батыр «Үздік шабуылшы» атанды.

Қарсы жақтың шабуылшыларын қыспаққа алып, өз командасын тығырықтан алып шыға білген Алимжанов Алибек (Семей БИЛ) пен Болат Алишер (Нұрорда мектеп-лицейі) «Үздік қорғаушы» деп танылса, Алматы лицейінің намысын қорғаған Болатбек Ерсайынға «Үздік жартылай қорғаушы» атағы бұйырды.

Командаларын алға сүйреп, тамаша өнер көрсеткен Алишер Терек (Құлсары лицейі) пен Момынтаев Ерасыл (Павлодар БИЛ) «Үздік ойыншы» атанды.

Небір қауіпті соққыларды тойтарып, қарсыластарының шабуылдарына тосқауыл бола білген Мүслім Дәулет (Есік БИЛ) пен Өмер Ясмн Айхан (Galaxy мектебі) «Үздің қақпашы» номинациясын ұтып алды.

 

Просмотров страницы: 141

Серіктестер