Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз!

Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
басты бетке

Жас математиматиктер халықаралық олимпиадаға қатысу үшін Ұлыбританияға аттанды

2019 жылғы 11-22 шілде аралығында Қазақстан құрама командасы Бат қаласында (Ұлыбритания) өтетін математика пәні бойынша халықаралық олимпиадаға қатысады.

Алғашқы олимпиада жеті елдің қатысуымен 1959 жылы Румынияда өтті. Соңғы жылдары олимпиадаға 5 құрлықтан 100-ден астам ел қатысады. Әрбір ел алты қатысушыдан, жетекшісінен және ғылыми жетекшісінен аспайтын команда ұсынады.

Қазақстан құрама командасының құрамында мықты математиктер: Билялов Шынғыс – Алматы қаласы «Hаileybury» халықаралық мектебінің 12 сынып оқушысы; Зиманов Алихан – Алматы қаласы «Tamos Education» физика-математика мектебінің 10 сынып оқушысы; Шынтас Нұртас – Алматы қаласы «Hаileybury» халықаралық мектебінің 11 сынып оқушысы; Дуйсенбеков Данат – Нұр-Сұлтан қаласы дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы; Муханбетияр Қасым – Алматы қаласы дарынды балаларға арналған № 165 мамандандырылған мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы; Оразалин Алибек – Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы.

Құрама команда тренерлері – Хаджимуратов Нурсултан Сергалыевич, математикадан халықаралық олимпиадалардың бірнеше мәрте жеңімпазы, физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқытушысы, Жук Владимир Васильевич, ф.-м.ғ.к., «Haileybury Almaty» халықаралық мектебінің математика пәні мұғалімі және Полянских Сергей Сергеевич, физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің математика пәнінің мұғалімі.

Біздің командамызға табысты өнер көрсетіп, жарқын жеңістерге жетулеріне тілектеспіз!

Просмотров страницы: 8

Серіктестер