Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз!

Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
басты бетке

Жақсы жаңалықтар легі таусылмасын!

7-15 шілде аралығында Тель-Авив қаласында (Израиль) өткізілген физика пәні бойынша халықаралық олимпиадада Семей қаласы дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық «Білім-Инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы Мағауин Расұл – қола медаль иеленді!

Аталмыш олимпиадаға «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мәліметі бойынша, 78 елден, барлығы 363 оқушы қатысқан. Алғаш рет олимпиада 1967 жылы Варшавада өткізілсе, биылғы жылы мерейтойлы 50-ші рет өткізілді. Қазақстан құрама командасы олимпиадаға 1997 жылдан бастап қатысып келеді. Қатысушылар өз білімдері мен дағдыларын екі тур аясында көрсеткен. Бірінші тур орта мектепте оқылатын физиканың кемінде төрт бөлімін қамтитын теориялық тапсырмаларды шешуге арналса, кейінгісі тәжірибелік, онда оқушылар зертханалық жұмыстарды орындаған. Қорытынды жеке есепте шығарылған. Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасы 2 қола медаль және 2 грамота иеленді. Қазақстан құрамасын жеңісімен құттықтаймыз!

Просмотров страницы: 6

Серіктестер