Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
басты бетке

Қазақстан құрамасы Венгрияда биология пәнінен өткен халықаралық олимпиадада 3 қола медальге ие болды

14-21 шілде аралығында Венгрияда биология пәнінен өткен халықаралық олимпиадада Қазақстан құрамасының мүшелері қола медальге ие болды!

Биология пәні бойынша халықаралық олимпиада (IBO) әр елдің орта мектептерінің оқушылары арасында өткізілетін жоғары жарыс.

Қазақстан құрама командасы құрамындағы: Қуантай Аманжол – Нұр-Сұлтан қаласы «NURORDA» мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы – қола медаль; Баймұратов Мейірбек – Ақтөбе қаласы, дарынды жасөспірімдерге арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы – қола медаль; Тұртемір Әділет – Тараз қаласы «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы – қола медаль иегерлері.

Жеңістеріңіз құтты болсын! Білімдеріңіз шыңдап, бағындырар белестеріңіз көп болсын!

Просмотров страницы: 7

Серіктестер