Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

Мұғалімдерге

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ы.Алтынсарин атындағыҰлттық білім академиясы

 

2018-2019 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРІНДЕ ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ

 Әдістемелік нұсқау хат

Құрметті ұстаздар!

 2018-2019 оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Еліміздің барлық мектептерінде 1-қыркүйекте Білім күні аталып өтіледі. Дәстүр бойынша Білім күні тек жаңа оқу жылының басталуы ғана емес, сонымен бірге білім беру ұйымдарындағы жақсы бастамалар мен дәстүрлердің жалғасы болып табылады.

Оңтайлы білім беру жүйесі еліміздің және қазақстандық қоғамның тұрақты экономикалық өсімін  қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі.

Білім беру саласының қазіргі кезеңдегі стратегиясы – тез өзгеретін шынайы жағдайларға үнемі  бейімдеуге болатын икемді тактикалық іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу.

Президент Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 10-қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына жолдауында атап көрсетілгендей, бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Бұл жағдайда білім беру сапасын арттыруға, білім беру жүйесін жаңғыртуға ерекше назар аударылуы қажет.

Жаңа жағдайда білім беру жүйесінен, оның сапалы және өмір бойына үздіксіз болуы талап етіледі. Сондықтан қазақстанның білім беру жүйесінің алдына оқытудың қазіргі уақыттағы әдістері мен бағдарламаларын меңгеру, оқыту сапасын арттыру,  сұранысқа ие білім мен дағдыларды беру, қоғамдық сананы жаңғырту, функционалдық сауаттылықты, үштілділікті, сын тұрғысынан ойлауды және басқаларын дамыту  міндеті қойылған.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы елімізде адами капиталды дамытуда сапалы білімге қол жетімділікті қамтамасыз ету арқылы қазақстандық білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды міндет етіп қояды.

Жаңа оқу жылында мектептерді жаңартылған білім беру бағдарламасына көшіру жалғастырылады, 2018-2019 оқу жылынан бастап 3,6,8 сыныптарда енгізілетін болады. Еліміздің 30 пилоттық  мектептерінің 4,9,10 сыныптарында жаңартылған оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен ОӘК сынақтан өткізу жүргізіледі.

Білім және ғылым министрлігімен педагог мамандығының мәртебесін көтеру бағытындағы мақсатты жұмыстар жалғастырылуда. Жаңартылған білім беру мазмұнына көшуді қамтамасыз ету мақсатында және озық білім ресурстары мен технологияларға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында тиісті нормативтік-құқықтық база әзірленген.

Еліміздің білім беру ұйымдарының алдында тұрған міндеттер, сонымен қатар олардың жұмыстарындағы жаңа 2018-2019 оқу жылындағы ерекшеліктер  «2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» Әдістемелік нұсқау хатында  көрсетілген.

Жинақ білім беру жүйесінің нормативтік-құқықтық базасындағы өзгерістерді қамтиды.  2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі және жалпы орта білім беретін мектептердің 1-11 сыныптарындағы білім беру процесін ұйымдастыру құжаттары және қажетті материалдар енгізілген, білім беру жүйесіндегі жаңашылдықтар және еліміздің білім беру ұйымдарының жұмыс ерекшеліктері көрсетілген.

Жинақ жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң басшылары мен пән мұғалiмдерiне, бiлiм саласының қызметкерлерiне арналған.

2018-2019  оқу жылы еліміздің педагогтерінің алдына жаңа міндеттер қояды.

Еліміздің барлық педагогтеріне табысты оқу жылын, шығармашылық жетістік және жеңістер, барлық еліміз үшін аса маңызды ұстаздық кәсіпте жеміс тілеймін!

 

  ҚР Білім және ғылым Вице-министрі                                        А. Қ. Аймағамбетов

ИМП казакш 2018-2019

 

 

 

Просмотров страницы: 804

Серіктестер