Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз!

Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
басты бетке

1-қыркүйек “Білім күні”

Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата-аналар және барша қазақстандықтар!

Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтаймыз! 1-қыркүйек жаңа бастамалардың, жаңа ізденістердің, жаңа идеялардың символы.

Абай атамыз: «Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі» деген екен. Сондықтан бүгінгі жастар білім жинауға қашанда асығып, тәуелсіз еліміздің игілігі жолында білімдерін ел кәдесіне жаратып, болашақта озық ойлы, өрісі кең, өрелі азаматтары болуы қажет. Осы жолда қажымай, талмай еңбек етіп жүрген ұстаздарымызға педагогикалық ізденіс, жаңа серпін, шығармашылық табыс тілейміз!

Қадірлі жас! Жаңа оқу жылында биік белестерге жетіп, білімнің заңғар шыңынан көрініңіздер. Бүгінгі жаймашуақ мереке күні сіздерге жақсы көңіл-күй, жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыстар тілейміз. Өмірдің сынынан да, білімнің сынынан да сүрінбеңіздер. Мерекелеріңіз құтты болсын!

 

Просмотров страницы: 6

Серіктестер