Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

“Еңбегімен ер атанған жерлестер”

Талдықорған “Білім-инновация” лицейінде “Еңбегімен ер атанған жерлестер” атты кездесу кеші болып өтті. Қонаққа қала әкімінің орынбасары Көлбаев Марлен, еліміздің майталман журналисті, “Айтуға оңай” бағдарламасының жүргізушісі, Жетісу телекомпаниясының бас директоры Құранбек Бейсен және 2008 жылғы Пекин олимпиадасының қола жүлдегері, әлемге әйгілі спортшы, Алматы облысының Жоғарғы спорт мектебінің директоры Нұрбаxыт Теңізбаев мырзалар келді. Сұxбат барысында ата-ананы құрметтеу, достықты бағалау, әдептілікті сақтау, ерінбей білім іздеу және мақсатқа жету жолында аянбау керектігі туралы тартымды әңгімелер айтылды. Кездесу соңында оқушыларға сыйлықтар беріліп, “Досқа тілек” әні шырқалды. Аға буынмен жас қауым арасындағы байланыс еш үзілмесе екен деп тілейміз!

 

Просмотров страницы: 11

Серіктестер