Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

«KATEV» халықаралық қорына 20 жыл

“Болашаққа бастаған жарқын 20 жыл”

Қазақстанның білім мен мәдениет саласында қызмет көрсету арқылы қазақ-түрік арасындағы достық пен татуластықтың алтын көпірі болып отырған «КАТЕV» Халықаралық қоғамдық қорына 20 жыл толды. Осыған байланысты, ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «KATEV» халықаралық қоры «Болашаққа бастаған жарқын 20 жыл» мерекелік шарасын өткізді.

Мерекелік салтанатқа Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов, Түркия Республикасының Парламент төрағасының орынбасары Мехмет Саглам, Түркия Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Омер Тузель, Түркия еліндегі «Фатих» университетінің ректоры, профессор Шериф Али Текалан, «КАТЕV» Халықаралық қоғамдық қоры президенті Мехмет Месут Ата, Сүлейман Демирел университетінің ректоры, профессор Месут Акгүл, ҚР Президенті әкімшілігінің өкілдері, Парламент Сенатының депутаттары, Республикалық білім орталықтарының жетекшілері және БАҚ өкілдері қатысты.

Шара аясында жастарға сапалы білім мен тәлімді тәрбие беріп, Қазақстанның оқу-ағарту саласының дамуына үлкен үлес қосып келе жатқан қазақ-түрік лицейлерінің ұстаздары арнайы марапатталды.

Бүгінгі күні қорға қарасты 28 қазақ-түрік лицейлері, сондай-ақ Астана мен Өскемен қаласындағы «Нұр Орда» халықаралық мектептері, Алматы мен Тараз қаласындағы колледждер, Алматыдағы Сүлеймен Демирел атындағы университет еліміздің дарынды жастарына сапалы білім беріп, еліміздің білім саласын дамытуға елеулі үлес қосып келеді.

Салтанатты жиында ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзін оқып берді. Елбасы «KATEV» халықаралық қорының біздің елдегі қызметіне 20 жыл толуымен құттықтай отыра, қазақ-түрік лицейлері шәкірттерінің жоғары көрсеткіштерін атап өтеді. Білім ұясының түлектері білікті маман болып, ел экономикасының дамуына және қазақ-түрік халықтарының арасындағы бауырластықты нығайтуға үлес қосатынына сенім білдірді Мемлекет басшысы.

https://bnews.kz/kz/news/obshchestvo/kazakstanda_kazakturik_litseilerinin_kurilganina_20_zhil_toldi_video

https://www.inform.kz/ru/katev-kory-bolashakka-bastagan-zharkyn-20-zhyl-atty-merekelik-shara-uyymdastyrmak_a2565166

 

 

 

Просмотров страницы: 245

Серіктестер