Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

Республикалық үстел теннис, тоғыз құмалақ, шахмат жарысы

«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ және «БІЛІМ-ОРДА» ХҚҚ білім беру ұйымдарына «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында оқушылар арасында өткізілетін Республикалық үстел теннис, тоғыз құмалақ, шахмат жарысының ЕРЕЖЕСІ

     1. Мақсаты мен міндеті

1.1 Патриоттық сезім, отанға сүйіспеншілікті насихаттау.

1.2 Оқушылардың күнделікті дене тәрбиесімен және спортпен жаппай шұғылдануы.

1.3 Дене тәрбиесіне дайындықты күшейту.

1.4 Оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.

     2. Өткізілу орны мен уақыты

2.1 Жарыс 13 қаңтар 2018ж Алматы қаласында  ұл балалар арасында “Мамандандырылған “Білім-Инновация” лицей-интернаты” КММ-де, қыз балалар арасында “Сулейман Демирел атындағы мектеп-интернат-колледж” мекемесінде өткізіледі.

Жарыстың ашылу салтанаты 13.01.2018 күні сағат 09.30да Алматы қаласы “Мамандандырылған “Білім-Инновация” лицей-интернаты” КММ өткізіледі.

а) шахмат (кіші спортзал)

б) үстел теннисі (спортзал)

в) тоғыз құмалақ (кіші спортзал)

     3. Жарыс ұйымдастырушылары

3.1 « БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ және «БІЛІМ-ОРДА» ХҚҚ   ұйымдастырумен өткізіледі.

4. Жарысқа қатысушылар

4.1 Жарысқа « БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ қарасты ұйымдарының оқушылары  қатыса алады.

4.2 Команда құрамы:

а) шахмат 7,8 сыныптар 1 оқушы; 9-11 сыныптар 1 оқушы;

б) үстел теннис 7,8 сыныптар 1 оқушы; 9-11 сыныптар 1 оқушы;

в) тоғыз құмалақ 7,8 сыныптар 1 оқушы; 9-11 сыныптар 1 оқушы;

4.3 Колледждің 1,2 курс студенттері қатыса алады

4.4 Оқушының жеке парағының көшірмесін алып келуі тиіс.

4.5 30/12/2017 Онлайн тіркелудің соңғы күні.  ( http://tiny.cc/jarys2018 )

     5. Жарыстың өткізілу тәртібі

5.1 а) шахмат: ұлдар швейцар жүйесімен ойнайды, қыздар айналмалы жүйесімен ойнайды. Егер 30 минутта ойын аяқталмаса, әр ойыншыға 3 мин уақыт беріледі яғни сағат қосылады.

б) тоғыз құмалақ: ұлдар швейцар жүйесімен ойнайды, қыздар айналмалы жүйесімен ойнайды.Әр партияға 40 минут беріледі.

в) үстел теннис :  Ұлдар-І тур топтық(8) ойындар;ІІ тур әр топтың 1,2 орын алғандары плей-офф кезенін ¼ бастайды.Қыздар айналмалы жүйесімен өтеді

5.2 Әр қатысушың өзінің ракеткасы болуы тиіс. Спортшылар ойынға футболка, шорты киіп шығады (ұлдар).

5.3 Жеребе тастау және әділ қазылар алқасының отырысы 12.01.2018 күні сағат 20.00де Алматы қаласы “Мамандандырылған “Білім-Инновация” лицей-интернаты” КММ-де өтеді.

     6. Жеңімпаздарды марапаттау.

6.1 Жеңімпаздар, жүлдегерлер жабылу салтанатында медаль, грамотамен және арнайы номинациялармен марапатталады.

     7. Қатысу жарнасы

7.1 Байқауға қатысу жарнасы – әр оқушыға 4000 (төрт мың) теңгені құрайды.

7.2 Бір адамға бір күндік тамақ ақысы 2000 теңге (таңғы ас 500 тг, түскі ас 750 тг, кешкі ас 750 тг)

Ұйымдастыру комитеті

Просмотров страницы: 245

Серіктестер