Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз!

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

Кіші футболдан дәстүрлі Республикалық турнир

«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей оқушыларының арасында 2017 жылғы 2-3 қараша күндері Астана қаласындағы «NURORDA» мектеп-лицейінде кіші футболдан дәстүрлі республикалық турнир өтеді.

Додаға «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейлерінің 7-8 cынып оқушыларынан құралған 250-ден аса команданың ішінен 220 оқушы іріктеліп, ақтық бәсекенің жолдамасына ие болған жалпы саны 27 команда өзара сайысқа түседі.

Спорттық жарыс «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, оқушылардың денсаулығын жақсарту, оқушылар арасында сыйластық, ұйымшылдық қарым-қатынастарын нығайту мақсатында ұйымдастырылып отыр. Сонымен қатар, футбол спортын дамыта отырып, қатысушылар арасынан атақты футболшылардың шығуына жол ашу. Бұл жарыс балалардың мектеп қабырғасында жүріп-ақ өздерін шебер ойыншы ретінде сезінуіне мүмкіндік береді.

Просмотров страницы: 68

Серіктестер