Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
басты бетке

«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі білім беру ұйымдарына қабылдау

Құрметті оқушылар және ата-аналар! «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаттарына оқушыларды тіркеу 2019 жылдың 12-наурызынан басталып, 27-сәуірге дейін (тіркеудің соңғы күні) жалғасатынын хабарлаймыз!

«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі білім беру ұйымдарына (бұдан әрі- БИЛ) түсуге ниет білдіруші үміткерлер – Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін білім беру ұйымының 6-шы сынып оқушылары (бұдан әрі-Үміткерлер) бола алады. Үміткер өз қаласындағы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейіне келіп, тіркелуі қажет. «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейлерінің мекен жайы мына сілтемеде көрсетілген: https://bil-edu.kz/object/

Конкурсқа қатысу үшін Үміткер құжаттарын Ережеде көрсетілген талаптарға сәйкес тапсыруы қажет. Конкурс 2 кезеңнен тұрады. Ережемен толығырақ танысу үшін: https://bil-edu.kz/talapkerge/

Конкурсқа қатысу үшін төмендегі құжаттар талап етіледі:

I кезең:

1) конкурсқа қатысу үшін өтініш (лицейден беріледі);

2) туу туралы куәлігінің көшірмесі, ЖСН(ИИН);

3) 3*4 фотосурет (2 дана);

 II кезеңге өткен Үміткер:

1) оқу орнынан анықтама;

I кезеңге қабылдау емтихан уақыты: 28-сәуір 2019 жыл

Қабылдау емтиханында берілетін тапсырмалардың үлгілері: https://bil-edu.kz/emtihan-suraqtaryna-mysaldar/

Просмотров страницы: 801

Серіктестер