Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз!

Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
басты бетке

Алматыда «Owlypia» жарысының аймақтық кезеңі өтеді

Алматыда «Galaxy» халықаралық мектебінің базасында 2019 жылдың 16-17 ақпан аралығында «Owlypia» жарысының аймақтық кезеңі өтеді.

Байқаудың мақсаты – білім беруді жаңғырту тұрғысынан оқушылардың білімі, дүниетанымы және интеллектінің жалпы деңгейін, олардың дағдыларын түсіну және практикалық пайдалану арқылы арттыру.

Бұл байқау 5 негізгі бағыт: 1) өнер және дизайн; 2) экономика және
бизнес; 3) әдебиет және мәдениет; 4) жаратылыстану ғылымдары мен технологиялары; 5) әлеуметтік ғылымдар және «жалпы білім» бойынша өтеді.

Жарыс: топтық (3 адам) жарыс болып табылады. Олимпиада ағылшын тілінде өтеді. Оқушылар екі жас категорияларында «Owlets» (11-14 жас) және «Owlys» (15-18 жас) қатыса алады. Қызығушылық танытқандар Owlypia веб-сайтында www.owlypia.org/register/ сайтында тіркеліп,тізімнен Алматы, Қазақстанды таңдаңыз.

Тіркеуден кейін командаларға жарыстарға дайындалу үшін материалдар беріледі. Топ мүшелерінің барлығы 5 сайыс бойынша қатысады: 1) пәндік тест (Knowledge Challenge), 2) эссе жазу (Pen Down Challenge), 3) ауызша презентация (Speech-Craft Challenge), 4) импровизацияланған сөйлеу (Impromptu Challenge), 5) топтық
викторина (Team Spirit Challenge).

Толық ақпарат: http://www.owlypia.org. ; bit.ly/owlypia_video
Сіздердің оқушыларыңызды осы байқауға қатысуға шақырамыз!Өтетін орны: “Galaxy” халықаралық мектебі, 4 ы-а, 74.

✉️info@galaxy.edu.kz
📞+7 727 243 77 80
📞+7 727 243 42 14
Ұлжан Смағұлова 87022030020
Ерхан Абдулдаев 8 707 953 57 09

Просмотров страницы: 5

Серіктестер