Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз!

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

Юсупов Мейіржан Бақытұлы

Қазақстан Республикасының азаматы. 1979 жылы туылған.

2001 жылы «Экономика және басқару» мамандығы бойынша MIDDLE EAST TECHNICAL UNIVERSITY аяктады, 2007 жылы Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін аяқтады (Экономикалық дамуды басқару магистрі), 2015 жылы Гарвард университетінің Мемлекеттік басқару мектебінің магистрін бітірген.

Еңбек жолын «Туркуаз компаниялар тобы» АҚ департамент директорының орынбасарлығынан бастаған. Кейін «Демир Қазақстан Банк» АҚ, «Самұрық-Қазына» Қорында қызметтер атқарған.

Сондай-ақ ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті директорының орынбасары лауазымындағы мемлекеттік қызметте де болған.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да 2010 жылдың қыркүйек айынан Корпоративтық қаржы және қазынашылық департаментінің директоры лауазымында еңбек жолын бастады.

2015 жылы қараша айында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі Бас директоры болып тағайындалды.

Функционалдық міндеттері: 
Қоғам және еншілес-бағынышты кәсіпорындардың қаржы, несие және салық саясатын іске асыру қызметін үйлестіреді және бақылайды. Қаржы және бюджеттерді басқаруды, бухгалтерлік, салықтық және басқарушылық есепті, өзара есеп айырысуды жүргізуді, банкілік және кассалық төлемдерді, Қоғам және еншілес-бағынышты кәсіпорындардың қаржы қарыздарын беруді, кепілдіктерді өтеуді басқарады. Қоғам және еншілес-бағынышты кәсіпорындардың сақтандыру, тәуелсіз аудит, шоғырландырылған және жеке қаржы есеп-қисап мәселелерін үйлестіреді.

 

Просмотров страницы: 48

Серіктестер