Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз!

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

Тасмағанбетов Ғани Мерғалиұлы

«Атамекен» ҰКП басқармасы мен Астана қалалық Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің шешімімен елордалық Кәсіпкерлер палатасының төрағасы

Ғани Тасмағанбетов 1981 жылы Ақтөбе қаласында туған.

2005 жылы Жапонияның Нагано қаласындағы Шиншу университетін тәмамдады. Токиодағы Хитотсубаши университетін де бітірген. Қазақстанда қызметін 2007 жылы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде Халықаралық қатынастар департаменті халықаралық ынтымақтастық және халықаралық ұйымдармен өзара әрекеттестік басқармасының басшысы қызметінен бастаған.

2008-2009 жылдапры Парламент Мәжілісінде Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің консультанты қызметін атқарды.

2009-2012 жылдар аралығында Президент Әкімшілігінде консультант-сарапшыдан бастап Стратегиялық зерттеулер мен талдаулар орталығының сектор меңгерушісі қызметіне дейінгі лауазымдарды атқарды.

2012 жылы Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары, сосын Ақтөбе облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болды.

2013 жылы Астана қаласы кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі директор орынбасары қызметін атқарған.

2014 жылдан бастап 2018 жылға дейін «Атамекен» ҰКП басқармасы мен Астана қалалық Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің шешімімен елордалық Кәсіпкерлер палатасының төрағасы қызметін атқарды.

 

Просмотров страницы: 34

Серіктестер