Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

Бектеміров Бауыржан

Бауыржан Бектеміров – Астана халықаралық қаржы орталығының басқарушы директоры

2009 жылы Гарвард университетін математика мамандығы бойынша бітірді және Болонья университетінде студенттік алмасу бағдарламасы бойынша оқыған. 2009-2011 жылдар аралығында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-да экономикалық және математикалық модельдеу бөлімінің директоры, 2011-2012 жылдары Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігінің Экономикалық зерттеулер институтында әлемдік экономика және интеграциялық зерттеулер орталығының басшысы болды.

Халықаралық математикалық жарыстардың жеңімпазы, республикалық олимпиаданың гран-при иегері және жеңімпазы; Америка математикалық қоғамының ай сайынғы бюллетенінде жарияланған. Жетістіктері үшін ҚР Президентінен, «Самұрық-Қазына» Қоры Басқармасының Төрағасы мен Экономикалық даму және сауда министрінен алғыс хаттар алған. Бес тілде сөйлейді.

Магистратура бағдарламасы бойынша Дүниежүзілік банктің стипендия иегері;

Гарвард университетінің бакалавриат мамандығы бойынша стипендия иегері;

«Алтын белгі» орта білім сертификаты, 2003 жыл;

Вашингтон, АҚШ (2001), Глазго, Шотландия (2002), Токио, Жапония (2003) қалаларында өткен халықаралық математикалық олимпиадада алтын және екі күміс медаль;

Алматыдағы математикалық жобалардың халықаралық жарыстарында күміс және алтын медальдар (1999 және 2000 жж.);

Математика пәні бойынша Республикалық олимпиада жеңімпазы, 2001-2003 жж.

Республикалық мектеп олимпиадасының Гран-при (барлық пәндер бойынша үздік нәтиже), 2002ж.

2010 жылдың қыркүйегінде «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасының алғыс хаты;

2011 жылғы желтоқсанда Экономикалық даму және сауда министрінің алғыс хаты;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы маусым және 2003 жылғы қарашадағы алғыс хаттары;

2002 жылдың қыркүйегінде Түркияның бұрынғы президенті Сүлейман Демирелден алғыс хаты.

Ақтөбе Қазақ-түрік лицейінің түлегі

 

Просмотров страницы: 24

Серіктестер