Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз!

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

Айсұлтан Сеитов

Бір жылдың ішінде жас режиссер Айсұлтан Сейітов («Қорқау қасқыр») Баста, Иван Дорн, L`One, Miyagi, Noize MC және Эндшпиль секілді әйгілі орындаушылармен бірге жұмыс істеп үлгерген танымал клипмейкерге айналды. Айсұлтан алғашқы бейнебаянды қашан және кімге түсіріп бергенін, түсірілім идеялары қалай туындайтынын, клипмейкингте әрі қарай қалатынын немесе қалмайтынын «Бродвей» кинопорталына айтып берді.
«Мен алғашқы музыкалық бейнебаянды Қырғызстанда «Джая Миядзаки» тобына арнап, «Жел бағытымен» композициясына түсірген едім. Оны біз 2016 жылдың жазында түсірдік. Одан кейін басқа да топтар мен әншілерден ұсыныстар түсе бастады. Осылайша жұмысым жалғасып кетті. Мен әр түрлі әртістермен жұмыс істеген кезде, әрқайсысына өзіндік ерекше тәсіл табуға тырысамын. Кейбіреулері өз идеяларын ұсынып жаста, енді бірі толықтай менің көзқарасыма сенеді. Сондықтан, әрдайым өз жұмысым арқылы ешкім әлі көрмеген ерекше, тың дүниені көрсетуге тырысамын. Менің басты мақсатым – ешкімді қайталамау. Идея композицияларды тыңдағанда өз-өзінен келеді. Ойымда әннің мағынасын ашатын сурет пайда болады»,-деп бөлісті Айсұлтан Сейітов.

L`One бейнебаянының түсірілімінен сурет. Суретке түсіруші: Антон Волков

Жақында ғана желіде ресейлік рэп орындаушы Noize MC-дің «Чайлдфри» атты композициясы пайда болған еді. Бұл бейнебаянды отандасымыз түсірген. Музыкалық бейнебаян ғаламтор қолданушыларының қызығушылығын тудырып, 2 миллионнан астам көрсетілімге ие болған.

«Ұсыныс Иван Алексеевтен (Noize MC) түсті. Ол сапалы әрі қызықты бейнебаянды қалайтынын айтқан болатын. Одан кейін маған әннің негізгі идеясы, не туралы екендігі жазылған бриф жіберілді. Екеуіміз әңгімелескеннен кейін, болашақ бейнебаянға деген көзқарасымыздың бірдей екендігін ұқтық. «Чайлдфри» мен үшін үлкен тәжірибе болды. мен бұрын-соңды мұндай дүние түсіріп көрмеген едім»,-деді режиссер.

L`One бейнебаянының түсірілімінен сурет. Суретке түсіруші: Антон Волков

Айсұлтан Сейітовтің әзірге тұрақты түсірілім тобы жоқ. Дегенмен, клипмейкер керемет үштікпен жиі жұмыс істейтінін айтты. Олар – қоюшы-оператор Азамат Дулатов, монтаждаушы Максим Шишкин және түстерді өңдеуші Виталий Бужан. Мәскеуде жас режиссердің жұмыстарына «OZIO Pro» өндірістік компаниясының иегері Алексей Жуков продюсерлік етеді.

Айсұлтан қазақстандық орындаушылардан тек Молданазармен ғана бірге жұмыс істеген («Жаным сол» бейнебаяны). Ал Ninety One тобына түсірген бейнебаяны ақыры жарыққа шықпады.

Жас режиссер бейнебаян түсірудің қызықты жұмыс екендігін айта кетті. Бірақ, оның кино түсірсем деген арманынан бас тартар ойы жоқ. Қазіргі таңда Ресейде фильміне қатысты келіссөздер жүргізіліп жатыр.

https://brod.kz/kz/news/kazahstanskij-rezhisser-ajsultan-seitov-o-tom-kak-on-snimaet/

 

 

Просмотров страницы: 53

Серіктестер