Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
аааа

Жаңалықтар

“Білім-Инновация” лицейлерінің оқушылары республикалық дебат турниріне қатысты

10.01.2020

«Адамды даңққа бөлейтін екі қасиетті өнер бар: бірі – қолбасшылық, екіншісі – шешендік» – деп ұлы шешен-ділмар М.Т. Цицерон айтып кеткендей, жеке пікіріңді айналаңа, қоғамға жеткізе білу – үлкен өнер. Қиыннан қиыстыра, төтеден төге сөйлейтін тапқыр да ақылды, бейнелі де бедерлі сөйлеу кез келген жанның бойынан табыла бермейтін қасиет екені анық. «Білім-Инновация» лицейлерінде де орынды жерде ойын жеткізе білетін, тыңдаушыны иландырып, көркемсөзді келістіре айта алатын жастар жоқ емес. Осындай оқушыларды анықтап, ораторлық өнерін дамытып, шешендік шеберлігін шыңдай отырып, шындық пен өзара сыйластыққа тәрбиелеу мақсатында, 7-8 қаңтар аралығында «Білім-Инновация» Халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, Орта Азиядағы «Swiss Education Group» және «Nova education»…

Read More

Нұр-Сұлтанда оқушылар арасында кіші футболдан республикалық турнир өтті

06.01.2020

4-5 қаңтар аралығында Нұр-Сұлтанда “Білім-Инновация” және “Білім Орда” Халықаралық қоғамдық қорына қарасты білім беру ұйымдарының оқушылары арасында, Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен кіші футболдан республикалық турнир өтті. Дәстүрге айналған турнир биыл жетінші рет ұйымдастырылып отыр. Оған 7-8 сынып оқушыларынан құралған 32 команда, барлығы 300-ден астам оқушы қатысты. Шараның мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылар арасында сыйластық, ұйымшылдық қарым-қатынас орнату және дене тәрбиесіне дайындықты күшейту. Республикалық турнирдің ашылу салтанатында cөз алған Қазақстан футбол федерациясы бұқаралық футбол департаментінің директоры Ерлан Жамантаев, Білім және ғылым министрлігі, мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті төрағасының міндетін атқарушысы Көптілеуова Бағым Әубәкірқызы және “Білім-Инновация” ХҚҚ президенті…

Read More

“Білім-Инновация” ХҚҚ білім нарығын BTS Education-мен бірге зерттейді

27.12.2019

24 желтоқсан күні «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қорының президенті Дархан Өте және BTS Education компаниясының бас директоры Саясат Нұрбек білім, ІТ және ғылыми-зерттеу жобаларын бірге атқаруда әріптес болу үшін меморандумға қол қойды.  Меморандум аясында BTS Education «Білім-Инновациямен» бірлесе отырып білім нарығын зерттейді және кәсіби бағдар беру құралын жасақтайды. Сондай-ақ тараптар Жаңа Мамандықтар Атласын, виртуал мектепті, жасанды интеллект негізінде виртуал ментор мен өзге де білімге қатысты ІТ жобаларды бірлесіп атқаруға келісті. Қолға алынған бұл жобалар мен өнімдердің барлығы білім мен тәрбие процесін жақсартуға бағытталады. Меморандум мақсаты – жолдастық қарым-қатынасты нығайту мен ұзақ мерзімді, тиімді және өзара әріптестікті дамыту. BTS Education — халықтың…

Read More

Ата-аналар арасындағы “QURMET” спартакиадасы

21.12.2019

«Білім-Инновация» лицейі тәрбиеленушілерінің ата-аналары ұстаздармен тығыз қарым қатынас орнатып,  балалардың оқуы мен тәрбиесіне белсенді қатысады. Дәстүрлі республикалық спартакиада осының айғағы. Биылғы іс шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналып, ата-аналардан құралған командаларды Нұр-Сұлтан қаласы қабылдады. Республикалық спартакиаданың ашылу салтанатына Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгінов және «Білім-Инновация» Халықаралық қоғамдық қорының Президенті Дархан Өте Ермаханұлы қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Спорттық киім, жарыс алдындағы жаттығу мен қобалжу кәсіби спорттағыдай. Алайда сап түзеген бұл шымыр әрі шыныққан спортшылардың барлығы түрлі салаларда қызмет етіп жүрген азаматтар. Араларында дәрігер, заңгер, полицей, зейнеткер және тағы басқалары бар. Бәрін біріктіретіні балалары. Олар – «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушылары. Спартакиада нәтижесі бойынша,…

Read More

«Ата-ана, ұстаз, оқушы: болашаққа бағытталған ынтымақтастық» атты Республикалық ата-аналар форумы

21.12.2019

14-желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласындағы «NURORDA» мектеп-лицейінде, ҚР Білім және ғылым министрлігі және «Білім-Инновация» Халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен еліміздегі білім беру ұйымдарының ата-аналарына арналған «Ата-ана, ұстаз, оқушы: болашаққа бағытталған ынтымақтастық» атты Республикалық форум өтті. Республикалық форумның ашылу салтанатына ҚР Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі – Каринова Шолпан Таңатқызы, Бурабай аудандық мәслихат хатшысы – Бейсенов Өтелбай Төлеуұлы, «BTS Digital» компаниясы білім орталығының басшысы – Саясат Нұрбек, «Қазақстан КВН Одағы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің Президенті – Есен Елукен, Қарағанды облыстық мәслихаттың депутаты – Алтынбеков Бекзат Қомарұлы, №73 мектеп-лицей директоры – Құралай Амангелдіқызы және еліміздің әр аймағынан жиналған 300-ден астам ата-ана мен ұстаз қатысты….

Read More

«Лицей Барысы» республикалық ашық турнирі

05.12.2019

Тұңғыш Президент күніне орай Нұр-Сұлтан қаласындағы дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицейінде қазақ күресінен «Лицей Барысы» республикалық ашық турнирі өтті.  Турнирге Шымкент, Жаңаөзен, Нұр-Сұлтан, Тараз, Құлсары, Көкшетау, Кентау, Қарағанды, Екібастұз, Есік, Жезқазған, Петропавл, Орал, Қостанай және Алматы қалаларынан 14-15 және 16-17 жастағы жас балуандар әр түрлі салмақ дәрежесі бойынша барлығы 74 оқушы қатысып, боз кілем үстінде бақ сынады.  Спорттық шараның мақсаты – халқымыздың болмысы мен рухани дүниесін танытатын ұлттық спорт түрлерін дамыту, қазақ күресін дәріптеу, келер ұрпақты салауатты өмір салтын ұстауға баулу. Екі күнге созылған жарыста мықты балуандар жеңіс тұғырынан көрінді. Әр түрлі салмақта, 16-17 жас балуандары арасында 1-орынды қанжығаларына…

Read More

«STEM» – әлемдік білім берудің басты трендтерінің бірі

23.11.2019

«Білім-Инновация» лицейлерінің ұстаздары 28-қазан мен 8-қараша аралығында «Eurasion Resources Group» – тың қаржылай қолдауымен, Ұлыбританияның Оксфорд қаласында жаратылыстану-математикалық бағытындағы мұғалімдерге арналған екі апталық «STEM» оқыту бағдарламасы курстарына қатысты. Жаратылыстану-математикалық бағытындағы мұғалімдеріне арналған екі апталық «STEM» оқыту бағдарламасы – оқу жоспарын әзірлеуді, моделді оқыту жоспарына бейімдеуді және оқыту философиясын, оқыту циклы мен бағалауды байланыстыратын жұмыс схемасын әзірлеуді қамтиды. Сонымен қатар, бағдарлама UTC Reading STEM-ге баруға, мұғалімдер мен оқушылардан сұхбат алуға мүмкіндік берген. «Білім-Инновация» лицейлерінің 11 мұғалімі бұл бағдарламаға қатыса отырып, «STEM» мектептерінің білім беру бағдарламаларымен танысып, өз пәндерінде қолдануға болатын жаңа тәсілдерді үйреніп, сабақ барысында түрлі құралдарды пайдалана отырып, жоба жасау…

Read More

«Ең ақылды ұрпақ – Z ұрпағы» немесе әкелерге құлаққағыс

16.09.2019

13 қыркүйек күні Ақмола облысы Бурабай кентінде “Әке – отбасының тірегі” атты IV Республикалық әкелер форумы өтті.  Жиынға ҚР Президентінің көмекшісі Мақсат Сқақов, Парламент депутаттары, ұлттық комиссия мүшелері, қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, әр өңірден келген белсенді әкелер қатысты. «Ең ақылды ұрпақ – Z ұрпағы» немесе әкелерге құлаққағыс «Білім-Инновация» Халықаралық Қоғамдық Қорының президенті Дархан Өте ақпарат кеңістігі қарыштап дамыған XXI ғасырдағы Z ұрпағының мүмкіндіктері мен артықшылықтарын ғылыми зерттеулер нәтижесінде көпшілікке ұғынықты тілде түсіндіріп берді. Әкелер қауымына «менің жасамағанымды, сен жүзеге асырасың» деп бала арманына кедергі жасап, жігерін құм етпеуді жеткізді. «Z ұрпағының қолындағы мүмкіндіктерге шектеу қоймай, оны өзінің құндылықтары…

Read More

IV Халықаралық мегаполис олимпиадасында оқушыларымыз 6 медаль мен құрмет кубогына ие болды

13.09.2019

Қыркүйектің 1-6 аралығында Ресей Федерациясының астанасында, Мәскеу қаласында IV Халықаралық Мегаполис олимпиадасы өтті. Биылғы оқу жылында қатысушылардың географиясы едәуір кеңейген, әлемнің 45 ірі қалалары өз командаларын ұсынған. Аталмыш олимпиадада еліміздің намысын қорғаған 8 оқушы «Білім-Инновация» ХҚҚ-на қарасты білім беру мекемелерінің білім алушылары.  Оқушылар математика, информатика, физика және химия санаттары бойынша қатысып, жеке жарыста бір күміс және бес қола медальге ие болды. Сондай-ақ, блиц турнирінде 2-орынды жеңіп алып, олимпиаданың құрмет кубогына ие болды. Дуйсенбеков Данат, Нұр-Сұлтан қаласының дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты, 11-сынып – математика пәнінен күміс медаль; Раушанов Марлен, дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты, 10-сынып – математика пәнінен…

Read More

Батыс-Қытай математикалық олимпиадасынан Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс медаль иеленді

28.08.2019

11-16 тамызы аралығында Цзуньи қ., Гуйчжоу провинциясында (Қытай Халық Республикасы) өткізілген Батыс-Қытай математикалық олимпиадасынан Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс медаль иеленді. Жалпы командалық есепте ҚР құрамасы 168 ұпай жинап, келесі марапаттарға ие болды: Мырзатаев Айбек – Атырау облыстық «Білім-Инновация» мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы – алтын медаль; Амрин Айдар – Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебінің» КЕАҚ 11 сынып оқушысы – алтын медаль; Нагашбек Мирас – Алматы қаласы «Білім-Инновация» мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы – күміс медаль; Мажит Санжар – Нұр-Сұлтан қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КЕАҚ филиалының 11 сынып оқушысы – күміс медаль. Құрама жетекшісі – математика пәнінен республикалық және халықаралық…

Read More
« Previous PageNext Page »

Серіктестер