Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз!

Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
аааа

Қонақта

Лицейдегі 5 жылды тиімді және пайдалы өткізуге арналған 5 кеңес

29.04.2020

«Білім-инновация» лицейлерінің оқушылары арасында жастайынан білімге алғыр, дарынды, шығармашылық қабілеті жоғары, талантты да жігерлі жастар өте көп. Олар қажырлы еңбек пен ынта-ықыластың арқасында жетістікке жетіп, талайды таңқалдырып жүр. Ендеше біз Сіздерді үздік білімдері мен ұшқыр ойларымен жетістікке жетіп жүрген оқушыларымызбен таныстыруды жөн көрдік. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Атырау «Білім-инновация» лицейінің 2019 жылғы түлегі Садуахас Санжар. Қазіргі уақытта Санжар Назарбаев Университетінде Foundation бағдарламасы бойынша білім алуда. Лицейде оқып жүрген кезінде информатика пәнінен облыстық және республикалық олимпиадаларға қатысып, 2017 және 2018 жылдары информатикадан Еуразиялық олимпиаданың ақтық кезеңіне өтіп, 2017 жылы «Kazakhstan Robotics Challenge» жарысында «Smart House» категориясы бойынша, күміс жүлде иегері атанды. 2019…

Read More

Профессор Ережеп Әлхайырұлы Өскемен «Нұрорда» мектеп-лицейінде қонақта

18.10.2018

16 қазан күні Өскемен «Нұрорда» мектеп-лицейінде химия ғылымдарының докторы, профессор, Кентукки университетінің (АҚШ) «Құрметті профессоры», Атлантис университетінің (АҚШ) «Жаратылыстану ғылымдарының құрметті докторы», «Парасат» орденінің иегері Мамбетказиев Ережеп Әлхайырұлымен кездесу өтті. Кездесуге «Нұрорда» мектеп-лицейінің 9-11 сынып окушылары мен ұстаздар қауымы қатысты. Шара барысында Ережеп Әлхайырұлы, Қазақстан және шетел мемлекеттеріндегі білім саласының ерекшеліктері мен артықшылықтарын айтып, өз тәжірибесімен бөлісті. Сөзінің соңында профессор, Қазақстан-Американдық еркін университетіне танымдық саяхат жасап, қонақ болуға шақырды.  

Read More

Серіктестер