Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

“Елдің болашағы мұнайда емес, білімде емес пе? Егер сен мұғалім болмасаң, басқа кім болады?”

Қазақстанда бірнеше жыл еңбек еткен түрік мұғалімі бар еді. Университетті бітіре салып, Қазақстанға келген. Мұндай мұғалімдер өте көп қой. Сонау 90 жылдардың басында тәуелсіздігін енді ғана алған елге келіп, қызмет екен ұстаз қаншама. Алды зейнетке шықты. Әлі есімде бар, Көкшетауға келіп мектеп аша бастағанда, жергілікті басшылар «Ей, мыналар арқаның суығына шыдамайды. Ертең-ақ қашып кетеді» деген екен. Лицейдің жұмыс істеп тұрғанына 25 жыл болды)) Ол кезде еліміздің жағдайы түсінікті еді. Қыстың күні ыстық суды қоя бер, жылытуды уақытылы берсе қуанар еді. Жарық айлап болмайтын. 15 күн жарық беріп, 15 күні өшіріп тастайтын. Ұстаздардың жалақысы, зейнетақы кешіктіріліп берілетін еді ғой. Бұл мұғалімдер Қазақстан жайлы қандай да бір теріс пікір айтпайтын. Керісінше, осындай кездерді еске алып, естелік ретінде айтып отыратын…

Түрік мұғалімге келейік. Химия пәнінің мұғалімі еді. Өзі жас болса да, Қазақстандағы ұстаздар арасындағы ең жоғарғы марапат Ы.Алтынсарин атындағы медальды иеленген. Ол оған қалай жетті? Түркияда университетті бітіріп келіп, Қазақстанның бірнеше қалаларында жұмыс істейді. Жақсы бір қасиеті мақсат қоя біледі. Осы жылы оқушым Республикалық олимпиададан орын алу керек десе, соған жетпей тыңбайды ғой. Бір әңгімесінде ол үйленбей тұрып, Халықаралық олимпиададан орын алуым керек деп мақсат қойғандығын айтты. Ия, оқушылары орын алған. Менделеевтен, Дүниежүзілік олимпиададан да алды. Осы мұғалім бірнеше жыл бұрын Қазақстаннан кетті. Осында жеткен жетістігін, атақ-даңқын тастап кетті. Басқа елде оның қажеті жоқ қой енді. Өзінің оқытқан оқушылары Қазақстанда, араларында мұғалім болғандары бар шығар, бәлкім!

Бірде сәті түсіп, Туризм министрлігінің шақыртуымен бір елге бардым. Осындай ұстазбен қалай кездеспейсің? Сол жердегі бір мектепте басшылық етеді екен. Кабинетіне кіргенде ең бірінші болып біздің туымыз көзіме түсті. Қобалжып кеттім. Елден біршама ұзақта жүрміз. Туған жердің туы түгіл, қара тасы да қымбат екенін басқа елде жүргенде сезінесің. Қазақстаннан өзі кетсе де, көңілі қалып кеткен екен ғой дедім ішімнен. Қазақстанға деген сағынышы, ыстық ықыласы сөздерінен байқалып отырды. «… жаман мемлекет емес, үйреніп кетесіз» деп жұбатып қоямын). Мені, менен бұрын елімді сыйлағанды қалай сыйламайсың? Химия пәні мұғалімінен әлгі әлемдік додаларда топ жарған оқушыларыңыз лицейді аяқтаған соң, қандай мамандықты таңдағанын сұрадым. Сол кезде ол маған:

«Әлбетте, лицейді тәмамдаған соң, ата-аналар балаларының жақсы оқу оқығандығын, жоғары қызметке орналасқанын қалайды. Кез келген ата-ананның арманы сол ғой. Оған біз араласа алмаймыз. Химияның мұнай-газ саласымен тығыз байланысы болған соң, барлығының «ҚазМұнайгазға» барғысы келетіні анық. 100 пайыз! Менің пікірімді сұрап келген оқушыларға мені мынаны айттым: «Әлбетте, сенің мүмкіндігін жоғары. Қазақстанда сен (Халықаралық олимпиадада топ жарған) секілді оқушылар аз. Саусақпен санарлық. Егер Қазақстанда өзің секілді оқушылар қатары көп болсын десең, ҚазМұнайгазға емес, мұғалімдікке барасың. Олимпиада жүлдегерлерін дайындасың. Елдің болашағы мұнайда емес, білімде емес пе? Егер сен мұғалім болмасаң, басқа кім болады?» …шүкір. Қазір олимпиада жүлдегерлері арасында мұғалім болғандары бар», – деді. Дұрыс адамның сөзі ғой…

Халықаралық “Қазақстан Заман” газетінің жауапты хатшысы, “Біздің сұхбат” бөлімінің редакторы – Бауыржан Кариповтың facebook парақшасынан

Просмотров страницы: 8

Серіктестер