Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

“Білім-Инновация” қоры туралы

«Білім-инновация» (бұрынғы «KATEV») халықаралық қоғамдық қоры Қазақстан мен Түркия арасындағы білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мақсатында екі елдің Президенттері Н.Ә.Назарбаев пен Т.Өзалдың тікелей қолдауымен құрылған.

«Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қорының басты мақсаты – білімді, көп тілді меңгерген, өз елінің ертеңі үшін болашақта бәсекеге қабілетті, Отансүйгіш, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін, өз ұлтының құндылықтарын бойына сіңірген жас ұрпақты тәрбиелеп шығару.

«Білім-инновация» ХҚҚ құрамында: 27 мемлекеттік «Білім-инновация  лицейі» және Тараз қаласында орналасқан Жамбыл экономика және ақпараттық технологиялар колледжі бар.

Лицейлер – дарынды балаларға арналған оқыту тілі қазақ тілді облыстық лицей-интернаттары болып табылады. Лицейлердегі оқу процесінің айрықша ерекшелігі жаратылыстану-математикалық цикл пәндерінен оқу бағдарламалары мазмұнының кіріктірілуі мен инновациялық технологияны пайдалана отырып лицейлік компонент есебінен кеңейтілген бағдарламалық материалдардың пәнаралық кіріктірілуі болып табылады.

Лицейдің негізгі мақсаты – білім алушыларға (тәрбиеленушілерге) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде сапалы білім беру, өзін-өзі белсендіруге дайын бәсекеге қабілетті адамды және дарынды балалардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету.

Лицейлердің міндеті: 1) элитарлық білім беруді іске асыру; 2) елдің зияткерлік әлеуетін сақтау және арттыру; 3) дарынды балаларды даралап оқытуды және білім алушылардың мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын сапалы меңгеруін қамтамасыз ету; 4) дарынды балалардың өзіндік, жобалық және зерттеушілік қызмет дағдыларын жетілдіру; 5) ұлттық мақтаныш, азаматтық қадір-қасиет, Отанына, өз халқына деген сүйіспеншілік сезімі бар азамат пен патриоттың әлеуметтік белсенді тұлғасын қалыптастыру.

Лицейлердегі оқу-тәрбие процесінің ерекшелігі

Лицейлердің оқу бағдарламалары ҚР Мемлекеттік стандартының (МЖМББС-ГОСО) вариативтік бөлігі мен лицейлік компонент есебінен мазмұны терең игерілуі тиіс халықаралық білім беру стандарттарына бейімделе құрылған.

Просмотров страницы: 837

Серіктестер